Бағдат Мусин студенттерге IT-мамандықтары бойынша алғашқы ваучерлерді табыс етті
IT-ваучерлер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 мың жоғары білікті IT-мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмаcын іске асыруға бағытталған.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Digital Bridge 2021 цифрландыру жөніндегі халықаралық форум алаңында АТ-мамандықтарды оқытуға байқау іріктеуінің алғашқы бес жеңімпазына 600 мың теңге көлемінде IT-ваучерлерді табыстады.
"Бүгін біз алғашқы бес IT-ваучерді табыстаймыз. Бізге қазақстандық IT-секторын дамыту және күшейту маңызды. Елге жас, білімді, ынталы мамандар қажет. 2025 жылға қарай 20 мың IT-ваучерлер табыстауды жоспарлап отырмыз. Бұл бізге болашақта сапалы жобалар жасай алатын IT-секторындағы жоғары білікті кадрлардың санын арттыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Бағдат Мусин.
Министрдің қолынан оқуға ақшалай чектерін алғандар:
Малиновская Инна - Code:ME бағдарламалау мектебінің болашақ студенті. Мектеп ересек мамандарға табысы жоғары мамандықты алуға және 6 айда өз мансабын өзгертуге көмектесіп қана қоймай, балаларға да болашақ мамандықтарды үйретеді.
Наураков Оразалы Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан ауданының IT-мамандарын даярлайтын Make IT мектебінде оқитын болады.
Нигметова Гаухар – QWANT бағдарламалау мектебінің студенті. Мектеп Qwasar Silicon Valley-мен стратегиялық серіктестік негізінде құрылған. Оқыту әдісі геймификация қағидаларына, белсенді оқу және командалық жұмысқа бағытталады.
Пархоменко Андрей – Animo цифрлық өнер мектебінің болашақ студенті.
Хасенова Айжан – Қарағандыдағы «Шаг» Академиясының студенті. Бұл Қазақстандағы ірі бағдарламалау мектептерінің бірі. «Шаг» Академиясы әлемнің 22 елдерінде таныстырылған және әлем бойынша 250 000 мамандарды оқытқан.
2022 жылға бағдарламаны кеңейту және квота санын 2000 дейін арттыру жоспарлануда. Жалпы 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның 20 000 азаматының оқуы түрлі IT-мамандықтары бойынша қаржыландырылады.
Tech Orda — Astana Hub технопаркінің ЦДИАӨМ-ның қолдауымен іске асырылған бірегей бағдарламасы. Бағдарлама қазақстандықтарға IT-мамандықтарын оқыту бойынша 600 000 теңге көлемінде қаржыландыру мүмкіндігін ұсынады.
Бағдарлама 2021 жылы іске қосылып, 100 қазақстандықтарға жетекші бағдарламалау мектептерінде оқу квоталарын береді. Қазақстан бойынша (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Орал, Семей, Ақтау қалаларында) 13 IT-мектептер бағдарламаға қатысады.
Digital Bridge 2021 форумы "Қазақтелеком" АҚ, BTS Digital, "Теңізшевройл" және "Транстелеком"компанияларының қолдауымен өтуде.
Пікірлер 1
Кіру пікір қалдыру үшін
Мурат Абен · Қыр. 1, 2023 21:45
👍