Роботтар асық атып, арқан тартысты: ұлттық спортты дамытудың жаңа кезеңі

KazRoboSport-2023 робототехникасы бойынша республикалық спорттық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды. Оның аясында әзірлеушілер басқаратын роботтар қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары – асық ату, арқан тартыс, ақсүйек, сондай-ақ жапондық сумодан сынға түсті. Финалға еліміздің 20 облысынан барлығы 214 адам қатысты.


Спорттық робототехника чемпионаты 2016 жылдан бері өткізіліп келеді, жыл сайын оған Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 4 мыңнан астам адам қатысады. Еліміздің түкпір-түкпірінде көктемнен бастап іріктеу кезеңдері өтіп, ал 5 қарашада Астана қаласында облыстар мен мегаполистердің командалары басын қосқан финал өтті.

«Біздің ұйым қоғамдық қағидаларға негізделген және қызметіміз үшін қаржылық өтемақы алмаймыз. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық шығармашылықты кеңінен насихаттау және балалар мен жастар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттыру. Сонымен қатар біз инженерия саласындағы өзекті мәселелерді шешуде және заманауи технологиямен жұмыс жасауда алған білімімізді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береміз. Біз информатика мұғалімдерінің біліктілігін арттырумен де айналысамыз, себебі робототехниканы оқытуда басты жауапкершілік сол кісілерге жүктелген. Айта кетерлігі, біздің барлық іс-шараларымыз демеушілердің қолдауының арқасында өтіп жатыр», - деді «ҚазРоботикс» қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясының президенті Айжан Жекеева.

Барлық тапсырмаларын NatRoboCom робоспортының ұлттық түрлерін дамыту қозғалысы мен «ҚазРоботикс»  федерациясы мүшелері әзірлеген. Техникалық регламенттер жылдамдық пен дәлдік бойынша конкурстық форматта орындау үшін оқу роботтарының үлгілерін құру және бағдарламалау дағдыларын анықтауды ескере отырып әзірленген.

Чемпионаттың негізгі аудиториясы – ауыл балалары. Сондай-ақ аула командалары, жеке робототехника мектептері және мамандандырылған лицейлер мен колледждер қатысады.

«Чемпионат инновациялар мен озық технологияларға қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ дарынды жастарды анықтап, қолдауға септігін тигізеді. Бұл жарыс әлемдік стандарттарға және олимпиадалар мен чемпионаттардың ережелеріне сәйкес өткізілетін спорттық жарыстарға ұқсайды, бірақ қатысушылар - роботтар. Мұндай байқаулар елімізді жоғары білікті ғылыми-техникалық кадрлардың жаңа легімен қамтамасыз етуге көмектесетініне сенімдіміз», - деді Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің директоры Дәулет Беймурзинов.

Чемпионат аясында робототехниканы дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, сарапшылар сөз сөйлеп, федерацияның аймақтық өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Astana IT Unversity  алаңында өтті.

KazRoboSport-2023 спорттық робототехникасы бойынша республикалық чемпионаттың ұйымдастырушысы – «ҚазРоботикс» қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы, бас демеушісі – Astana Hub халықаралық технопаркі.

KazRoboSport-2023 жеңімпаздары:

Арқан тартыс: 1 орын – Мырзағали Әмір, Айтбосын Хамза, жаттықтырушы Серікова Самал Маратқызы (Жетісу облысы); 2 орын – Жандос Наурызбай, Арсен Оразбай, жаттықтырушы Рахат Сәкенұлы Оспанов (ОҚО); 3 орын – Дәулетбай Нұралы, Назарбаев Қайсар, жаттықтырушы Тәңірберген Нұрбек Қайырғалиұлы (Ақтөбе облысы).

Ақсүйек: 1 орын – Жолдас Берік, Қасымханов Хан, жаттықтырушы Хамитов Фаррух Ерханұлы (Түркістан облысы); 2 орын – Пшенбай Әбіл Мансур, Темербек Мәриям, жаттықтырушы Ералин Айбат Мейрамбекұлы (Павлодар облысы); 3 орын - Сатыбалды Әбілмансұр, Дәулетбай Әділхан, жаттықтырушы Марат Жүсіпұлы Құлбаев (Ақмола облысы).

Асық ату: 1 орын – Кенжебек Аян, Тұрсынбай Айбар, жаттықтырушы Жұмағалиева Рахат Мұратқызы (Жамбыл облысы); 2 орын – Айтпаев Алихан, Жұмажан Мадияр, жаттықтырушы Алдаберген Досжан Серікбайұлы (Ақмола облысы); 3 орын – Балтабай Жаһангір, жаттықтырушы Ералин Айбат Мейрамбекұлы (Павлодар облысы).

Сумо 10*10: 1 орын – Қалымжан Нұрсұлтан, жаттықтырушы Абуханов Дияр Қайырболатұлы (Атырау облысы); 2 орын – Қазтаев Қазбек, Баян Қасиет, жаттықтырушы Аюпов Асқар Хамзаұлы (Павлодар облысы); 3 орын – Светлана Сидорина, Дәулет Бейсенов, жаттықтырушы Болат Аманжол (Шығыс Қазақстан облысы).

Чемпионат финалының серіктестері: Alpamys School, Alash қонақ үйі, Grand Alem көлік компаниясы, «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы, KAAR қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығы. Өңірлерде қолдау көрсеткендер: облыстық білім басқармалары, робототехника мектептері - Future IT Талдықорған, Robopark Шымкент, Cyber ​​​​Hub Астана, Teren Oi Атырау, High Tech Орал, Smart Generation Қызылорда, Aqtobe Robotics. Сонымен қатар: JasSpace орталығы, Тараз ТШО, Өскемен ЖТС, Қостанай политехникалық колледжі, Bolashaq Қарағанды жоғары колледжі, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Петропавл қаласы Оқушылар сарайы, Көкшетау Bolashaq Sarayi, Түркістан қаласы №28 мектеп-лицейі, Шымкент қаласы Дарын-2, Ақтөбе облысы Бестамақ орта мектебі, С.Сейфуллин атындағы Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Что только не придумают))

Жауап беру