ESCAP UN конференциясы алаңында 50-ден астам стартап пен IT-компания көрмесі өтті
2024 жылдың 3-5 қыркүйегінде Астанада өткен Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясында 30 елден келген делегаттарға Қазақстанның үздік стартаптары мен ірі IT-компанияларының жобалары таныстырылды.
БҰҰ АТМЭӘК конференциясы аясында ұйымдастырылған Kazakhstan Tech Solution Day алаңында Astana Hub халықаралық технопаркінің бастамасымен Қазақстанның цифрлық технология жетістіктерін танытатын стартаптар мен IT-компаниялардың бірегей көрмесі өтті. Мұнда еліміздің 50-ден астам үздік стартабы мен ірі IT-компаниясы жасанды интеллект, экологиялық технологиялар, ақылды үйлер, білім беру платформалары, қауіпсіздік жүйелері, цифрлық денсаулық сақтау, деректерді талдау, электронды коммерция, биометриялық технологиялар, мобильді қосымшалар және энергияны басқару салаларындағы үздік шешімдерін ұсынды.
«Kazakhstan Tech Solution Day-де ұсынылған стартаптар мен компаниялар тек жоғары инновация деңгейін көрсетіп қана қоймай, өмір сүру сапасын жақсартып, тұрақты дамуға елеулі үлес қосып келеді. Бұл оларды цифрлық трансформация бойынша Қазақстан мен шет елдерде болашағы зор ойыншыларға айналдырады. Мысалы, Ozim Platform бейімделген білім беру бағдарламалары арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетсе, Global Green Hub тұрақты даму үшін экологиялық технологияларды әзірлейді. Ал Livin өмір сапасын жақсартуға арналған цифрлық шешімдер жасаса, BeyimTech әртүрлі салалардағы тиімділікті арттыру үшін жасанды интеллект пен аналитикалық шешімдерді дамытады. Oqylyq балалардың сауаттылығын арттыруға көмектессе, Ziz inc IoT технологиясымен ақылды үй шешімдерін әзірлейді, ал Qoshqar Energy жаңартылатын энергия мен көміртегі ізін азайтуға бағытталған», – деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.
Сондай-ақ стартаптар мен IT-компаниялар аллеясында Elpass, UvU, Beksar, Acro, Flowsell, Naimi.kz, YAYA, Yessen & Company, ApartX, Suretter Software, Lerna, Oraclus, Aldente, JolQal, Qala ai, Artisan Education, IT-META, Faceplate, Damumed, Smartestprep, Netalytix, Grand Mobile, BTS Digital, Biometric, Alaqan, IKOD, Networks Energy, Evotech, KarimCo, Ракетная фирма, 3Д Алем, SmartPlayer, GREEN-API, Эпиграф, Voltau, iMAS, А-Бизнес Казахстан, Crocos, Relog, Platonus, MSSP.GL, Dos Ortopedia және ITeachme таныстырылды.
Еске салсақ, 2024 жылдың 3-5 қыркүйегінде Қазақстан астанасында Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы өтті, оған 30 елден 400-ден астам делегат қатысты. БҰҰ АТМЭӘК пен ҚР ЦДИАӨМ ұйымдастырған конференция цифрландыру және тұрақты даму мәселелерін талқылауға арналған басты алаңға айналды. Конференция аясында Kazakhstan Tech Solution Day ұйымдастырылып, оның бас демеушісі жетекші қазақстандық технологиялық компания – Kaspi.kz болды. Сонымен бірге іс-шараны инновациялық әрі цифрлық Freedom Bank және жаһандық көлік пен қалалық қызметтер платформасы inDrive қолдады. Бұл бизнестің Қазақстанның цифрлық әлеуетін дамытуға деген қызығушылығының жоғары деңгейін айқындайды.
Пікірлер 8
Кіру пікір қалдыру үшін
Lain Iwakura · Қыр. 17, 2024 21:54
so cool
Nursultan Kabenov · Қыр. 17, 2024 16:11
👍
Laura Meir · Қыр. 14, 2024 00:43
👍
Ans s · Қыр. 11, 2024 13:54
🔥
Ilias Zholaman · Қыр. 9, 2024 16:38
Классно!
Kuandyk Sadykov · Қыр. 6, 2024 00:30
Seifullina Assel Global green hub 💚🥇
Kuandyk Sadykov · Қыр. 5, 2024 23:58
In my opinion, Global Green Hub is one of the best projects that was presented at UN ESCAP
Bernar Saparali · Қыр. 5, 2024 22:26
🔥