Мыңнан астам қатысушылар IT Business Forum-ына тіркелген

Astana Hub халықаралык технопаркі, Қырғызстанның бағдарламалық жасақтама әзірлеушілері мен қызметтері қауымдастығы, Қырғыз Республикасының Жоғары технологиялар паркі мен IT Park Өзбекстан сіздерді дамудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынатын IT индустриясындағы ең жарқын оқиғалардың біріне шақырады.


24 наурызда Бішкек (Қырғызстан) қаласында IT Business Forum және Central Asian Tech awards 2023 өткізіліп, панельдік сессиялар, сондай-ақ Жапония мен АҚШ компанияларының өкілдерімен жабық желілік кездесулер ұйымдастырылады.

Арнайы сіздер үшін форумға 30-дан астам спикер, 10+ инвестициялық компания мен қор, халықаралық ұйымдардың басшылары, акселерациялық бағдармалардың көшбасшылары, ірі және орта бизнестің ықпалды өкілдері, оған қоса Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, АҚШ-тің, Жапонияның, Еуропа мен басқа да дамыған елдердің ірі IT-компанияларының басшылары шақырылды.

Форумның негізгі мақсаттары:

- Орталық Азия мемлекеттерінің IT саласындағы қуатын, ресурстарын және мүмкіндіктерін біріктіру;

- АҚШ, Азия, Еуропа және тағы басқа халықаралық нарықтарды дамыту және ілгерілету;

- Орталық Азиядағы IT-әлеуетті көрсету.

Өз қызметтерін, өнімдерін АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына экспорттайтын немесе экспорттауды жоспарлап жатқан стартаптар үшін питч жасауға, Америка мен Жапонияның әлемдік сарапшыларынан кері байланыс алуға және бірге олқылықтарды түзетуге тамаша мүмкіндік бар.

Ал егер сіз өз стартапыңызды ауқымдырақ аудиторияға таныстырғыңыз келсе, көрме аймағына стенд орналастыра аласыз. Оның бағасы - 500$, дизайнды ұйымдастырушылар дайындайды.

Сондай-ақ Amazon, Rick Gauthier жаһандық IT-директорымен бірлесіп қатысушылардың жобаларын ұсыну, таныстыру және жеке талдауды, форумның VIP қатысушыларымен нетворкингті қамтитын VIP-пакет бойынша қатысуға болады. Бағдарлама Қарабұлақтың эко-курортында 2 күн және 1 түнді қамтиды: күніне үш рет тамақтану және Бішкектен кері тасымалдау кіреді. VIP-пакет бойынша максималды қатысушалар саны – 15 адам. Қатысу бағасы- 1000$.

Орынды брондауға үлгеріңіз! Форумға мына сілтеме арқылы тіркеліңіз!

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін