Бразилия Astana Hub-пен ынтымақтастық орнату мүмкіндігіне мүдделі
Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қызметкерлері Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рубем Антонио Корреа Барбоза мырзамен кездесті.
Кездесу барысында операциялар жөніндегі басқарушы директор Бақытжан Ешмұхамбетов қонақтарды технопарк қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, ал Clockster, OQUDA, Sergek, (Korkem Telecom) және Kid Security стартаптарының негізін қалаушылары жобаларының жетістіктері мен әлеуеті туралы айтып берді.
Кездесуге қатысушылар қазақстандық инновациялық шешімдерін Бразилия нарығына экспорттау және Қазақстан Республикасына бразилиялық IT-компаниялар мен стартаптарды тарту тұрғысынан елдер арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Айта кетейік, Бразилия Латын Америкасындағы жетекші экономика болып қана қоймай, БРИКС елдерінің қатарына кіреді. Unicorn саны бойынша (1 миллиард доллардан астам капиталдандыруға жеткен стартап-компаниялар) Бразилия АҚШ, Қытай, Үндістан, Ұлыбритания, Германия, Франция, Израиль және Канададан кейінгі алғашқы он елдің қатарына кіреді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін