Жылдың соңына дейін Қазақстанда төрт технологиялық хаб ашылады
Бүгінде Astana Hub халықаралық технопаркі базасында еліміздің түрлі өңірлерінде 15 технологиялық хаб жұмыс істейді. Тағы 4-ін осы жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда, бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов БҰҰ АТМЭӘК ұйымдастырған Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясында хабарлады.
Премьер-министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы 2025 жылы Астанада Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру туралы мәлімдемесін еске салды.
«Бұл орталық тиімді шешімдерді іріктеу үшін басты алаңға айналады. Осы салада барлық елмен, оның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттерімен ынтымақтастықтың дамуын құптаймыз», — деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ ол Цифрлы жібек жолын дамыту аясында Қазақстан көрші елдермен бірге Каспий теңізінің түбі арқылы Парсы шығанағы елдеріне шығып, әрі қарай Батыс-Шығыс жобасының транзиттік әлеуетін кеңейту үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу жобасын жүзеге асыратынына тоқталды. Бектеновтің айтуынша, бұл жоба жаңа технологияларды дамыту, ірі Big Tech компанияларын тарту үшін деректерді жинау, сақтау және өңдеудің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Қазақстандық ІТ-шешімдерді әлемдік нарыққа шығару – өзекті міндетіміз. Оны іске асыруда Astana Hub халықаралық технопаркі шешуші рөл атқарады. Оның базасында еліміздің әртүрлі аймақтарында 15 технологиялық хаб ашылды. Тағы 4-ін осы жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда», — деп мәлімдеді О. Бектенов.
Премьердің айтуынша, бүгінгі таңда Astana Hub-та 1400 резидент, оның ішінде 400 шетелдік компания үшін қолайлы инвестициялық ахуал қамтамасыз етілген.
Дереккөз: inform.kz
Пікірлер 3
Кіру пікір қалдыру үшін
Almas Urazbekov · Қаз. 20, 2024 11:16
Замечательно. 👍
Nursultan Kabenov · Қыр. 17, 2024 16:10
👍
Lain Iwakura · Қыр. 17, 2024 15:06
nice