DemoDay аймақтық инкубациясы

Жергілікті стартаптарға жобаларды әзірлеуге және технопарктердің, сондай-ақ IT-мамандар қауымдастығы мен еліміздің әр аймағындағы технологиялық кәсіпкерлердің қызметін нығайтуға көмектесу үшін Astana Hub өткен жылдың қазан айында Қазақстанның 14 аймағында іске қосқан ерте кезеңдегістартаптардың аймақтық инкубациялық бағдарламалардың бүгін Demo Day-і онлайн-форматта өтті.


Astana Hub Қазақстан аумағындағы технопарктер мен акселераторларға білім беру және бизнес бағдарламаларын дамыту үшін қаржылық көмек көрсетті. Astana Hub қызметкерлері стартаптардың алғашқы пулын іздеу үшін зияткерлік және консалтингтік көмек берді. Бағдарламаға қатысушылары Astana Hub ресми серіктесі мәртебесі мен PR-қолдау алды.

Demo Day күнінде әртүрлі аймақтардан келген стартап қатысушылары өздерінің бағдарламаға қатысу нәтижелерін ұсынды. Мысалы, қарағандылық Аида Қалиева фильмдер арқылы шет тілдерін үйренуге арналған «BY MOVIE» қосымшасын ұсынды. Ал алматылық Темірлан Беркінбаев VOCA стартапын – саяхатшыларға арналған бірыңғай платформаны көрсетті. Бірнеше қатысушылар ірі кәсіпорындар үшін оңтайлы шешімдер жасайды. Мысалы, ақтаулық Дәулет Берікбай «CORPCARE» қызметкерлерінің денсаулығын бақылау жүйесін таныстырды, ал «Технокад» стартапының негізін салушылар тапсырыс берушінің жұмыс процесін жеңілдету мен жеделдету үшін инженерлік зерттеулерде квадрокоптерлерді пайдаланады.

Командасы Қостанайдан келген VOLNA стартапы жылу және сумен жабдықтау жүйелерін бақылауға және басқаруға арналған бағдарламалық кешен болып табылады. Стартап негізін қалаушылары өз клиенттеріне 15 миллион теңге үнемдеуге көмектесіп үлгерді. Көпшілік BOLIS (Шымкент) стартапын атап өтті, оның көмегімен адамдар сатылмаған азық-түлікті және тамақты жеңілдікпен сатып ала алады. Мекемелер сатылмаған азық-түлікті жеңілдікпен сатады, ал адамдар оны онлайн брондап, алып кетеді. Бұл әдіс биологиялық қалдықтарды азайту арқылы экологиялық мәселені шешеді.

Қарағанды ​​қаласындағы жұмысты бөлек атап өткен жөн – мұнда тек инкубациялау үшін ғана емес, сонымен қатар стартаптарды жеделдету бойынша бағдарлама жүргізілді. «Терриконовая Долина» директоры Александр Дорошенко атап өткендей, 359 өтінім беріліп, оның 50-і сәтті аяқталды, кейбір жобалар өз қызметтерін экспорттады.

Қазақстан аумағындағы стартап жобаларының инкубациялау бағдарламасына барлығы 250-ден астам стартап қатысты.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін