Мәжіліс депутаттары Astana Hub технопаркінде отандық стартаптармен танысты

Мәжіліс депутаттары еліміздегі ірі IT-экожүйе орталығы – Astana Hub технопаркіне арнайы барып, оның қызметімен және қазақстандық стартаптармен танысты. Көзделген мақсат – технопарктің жұмысымен танысу және IT-саланы дамытудағы өзекті мәселелерді талқылау.


Делегация құрамында Мәжіліс депутаттары Татьяна Савельева, Магеррам Магеррамов және Снежанна Имашева болды. Хаб аясында олар SHAI.Pro, ApartX Ltd., Kazrockets сынды отандық стартаптардың жобаларымен танысты.

Депутаттардың ерекше қызығушылығын тудырған жоба – Tomorrow School. Бұл – Қазақстандағы алғашқы тегін peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі. Мектеп Astana Hub бастамасымен іске асырылып, заманауи 01 Edu платформасы негізінде жұмыс істейді. Жоба елімізде IT саласын оқытудың жаңа деңгейге шыққанын айғақтайды.

Кездесу барысында Astana Hub өкілдерінің технопарктің қазіргі бастамалары туралы баяндамалары жасалды. Мәжіліс депутаттары мен IT-компаниялар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ашық диалог форматында IT-бизнес тарапынан айтылған өзекті мәселелер, ұсыныстар мен шешу жолдары талқыланды.

Талқылауға Талғат Елеманов (Damumed), Игнат Шестаков («3Д АЛЕМ»), Артём Лагуновский (Aloteq Qazaq ), Қанат Келдібеков (ApartX Ltd.), Сабыр Кунгожин (Ozat Online) қатысты. Тараптар IT-саланы дамыту үшін мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін

WHAT CAN I DO TO RECOVER MY STOLEN BITCOIN? CONSULT THE HACK ANGELS I understand the frustration and stress associated with lost funds through investment scams. They got me and did away with 2.4 million dollars. Luckily, I have some influences around who introduced me to a hacker called THE HACK ANGELS. As specialists in crypto recovery, the team of expert professionals is dedicated to helping individuals and businesses reclaim their lost money lost to investment scams. I couldn't believe my eyes when my 2.4 million dollars was recovered. I’m truly grateful for their service and I feel it is right that I put this out here for anyone who might require their services. You can contact them directly at Email at support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com WhatsApp +1(520)2 0 0-2 3 2 0 I know this might be irrelevant to most of you but if you've ever lost your cryptocurrency to these online scammers on the internet and you need help retrieving it. THE HACK ANGELS is the best cryptocurrency recovery expert. If you're in London, you can even visit them in person at their office located at 45-46 Red Lion Street, London WC1R 4PF, UK.

Жауап беру