Димаш Джунусов: стартап үшін ең маңызды критерий - бұл клиенттің сенімі

Smart City Accelerator Almaty - жаңа технологиялар көмегімен стартаптар қалалық орта мәселелерін шешетін оқыту бағдарламасы, жоба. Жоба Қазақстанның АТ-ортасының жарқын және талантты өкілдерін біріктірді. Солардың бірі - "OKOO" оқу процестерін автоматтандыруға көмектесетін мектептерге арналған онлайн білім беру платформасы жобасының негізін қалаушысы Дінмұхамед Жүнісов. Бүгін біз Дінмұхаммедпен оның жобасы туралы әңгімелестік.


Димаш, өзіңіз туралы айтып беріңізші?

  • Мен Республикалық физика-математика мектебін бітірдім. Содан кейін шетелге ұшып кеттім. Австралия университетін бітіргеннен кейін "Manulife" халықаралық компаниясында екі жыл бағдарламашы болып жұмыс істедім. Бірақ осы уақыт аралығында мен Қазақстанға оралу туралы ойлад ым. Қайтып оралып, Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқытушы болып жұмыс істей бастадым. Айта кету керек, менің студенттерім түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

OKOО жобасын құру идеясы қалай пайда болды?

  • Сенбі күндері елордалық № 66 мектепте балаларға бағдарламалауды тегін үйреткен кезім болды. Сол кезде мен мұғалімдердің кездестіретін мәселелерін көрдім, сондай-ақ Қазақстанда білім беру саласы мен IT-ді дамыту саласына қызығатын дарынды балалармен таныстым. Біз команда жинадық, информатиканы үйренуге арналған онлайн-платформа жасай бастадық және оны мектептерде бір уақытта сынап көрдік. Бірінші жыл стартап арқылы табыс таппадық. Содан кейін хоббиді дамып келе жатқан бизнеске айналдыру керек екенін түсіндік.

Сіздің платформаңыз мұғалімдердің қандай мәселелерін шешеді?

  • Мысалы, біздің жобамыздың үй жұмыстарын тексеру және сынып жұмыстарын құрастыруға көмегі зор. Аталған міндеттерді шешу оңай, ол үшін қарапайым үрдістерді автоматтандыру қажет болды. Біздің басты мақсатымыз - мұғалімдердің өмірін жеңілдету, олардың уақытын аптасына 24 сағатқа дейін үнемдеу. Оқушыларды оқыту үрдісін біз геймификация арқылы қызықтырақ етіп жасадық.

 Өз жобаңызды қалай дамыттыңыз? 

  • Біз алғашқы акселераторымызды Назарбаев Университетінде өткіздік. Содан кейін Astana Hub инкубация бағдарламасына келіп, комьюнитимен танысып, әріптестерімізден тәжірибе жинақтап, имиджді қалыптастырып, нәтижесінде бізді тани бастады. Содан кейін алғашқы инвестицияларды тарта бастадық. Бізге өнімді алға қарай жылжыту қиын болмады, өйткені бізде нарықта алғашқы сатылымдар, пайдаланушылар, шолулар тәжірибесі болды. Екі жыл ішінде біз әртүрлі бизнес-періштелерден және "NURIS", "Quest Ventures" венчурлық қорларынан $ 165 мың көлемінде қаражат тарттық.

Сіздің платформаңызда қандай курстар қолжетімді?

  • Бізде курс құрылымдаушылары болса да, біз басқа тауашаларға кірмей, информатика сабақтарына және қосымша бағдарламалау курстарына назар аударуды жөн көрдік. Сондай-ақ платформада кәсіпкерлік, 3D-дизайн, 3D-модельдеу сияқты элективтер қолжетімді. Осы барлық курстарды 5-6 контент-мейкерлерден тұратын топ әзірлейді.

Команда туралы толығырақ айтып беріңізші?

  • Өз ісімізге деген сүйіспеншіліктен басқа, бізді ұқсас оқиғалар біріктіреді. Біз барлығымыз мектеп жылдары спорттық бағдарламалаумен әуестеніп, мектептен кейін шетелге шықтық. Көбісі  Facebook, Apple, Manulife сияқты компанияларда жұмыс істей алды. Мысалы, Okoo жобасының негізін қалаушысы Асхат Теміровтің Facebook-те жұмыс тәжірибесі бар. Бориханкожа Азимхан американдық Road for me компаниясында, Ержан Асанов Apple компаниясында жұмыс істеді.

Қазақстан мектептері сіздің жобаңызды қолдана ма? 

  • Иә. Астанада 20 мектеп OКOO-ны күнделікті жұмыста қолданады. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, 20 мектептің информатика мұғалімдерін платформамен жұмыс істеуге үйретті.

Сіз бұрынғы әріптестеріңізден кері байланыс аласыз ба?

  • Иә, әрине. Бізде платформада кері байланыс функциясы бар, кейбір пайдаланушылар жекеге жазады немесе қоңырау шалады. Бірақ біз тек жолдың басында тұрмыз, әзірге біз жасай алатын барлық нәрсенің 5%-ы ғана жүзеге асырылады. Алда әлі көп жұмыс бар: масштабтау, функционалды жақсарту, мұғалімдердің ұсыныстарын ескере отырып, жобаны жақсарту. 

Жаңадан бастаушы стартаперлерге өздерін қалай таныстыруға және жақсы беделге ие болуға болады? Өзін әлеуметтік желілерде алға жылжыту, ивенттерге қатысу маңызды ма?

  • Бұл жобаның ерекшелігіне байланысты. Егер жеке бренд туралы айтатын болсақ, онда жобаның негізін қалаушысы іс-шараларға баруға, өзін және жобаны таныстыруға, жақсы таныстар табуға тиіс. Алайда, мен кейбір стартаптардың алдын-ала хайп жасай бастайтынын байқадым, бұл оларға бедел алып келмейді. Ерте кезеңдерде барлық күш пен уақытты оқуға, акселерация және инкубация бағдарламаларына қатысуға жұмсау дұрыс. Инвесторлар сіздің өзіңізді қаншалықты объективті бағалайтындығыңызға назар аударады. Кейде жаңадан бастаушы стартап өзінің бірегейлігі туралы айтқан кезде, ол күлкілі болып көрінеді және оның жетілмегендігін көрсетеді, осыған сәйкес оған инвестиция салуды көпшілік қаламайды. Әрине, инвестор үшін ең маңызды критерий - бұл customer satisfaction - яғни, клиенттің сіздің өнімді қаншалықты жақсы көру көрсеткіші.

Сізден жаңадан бастаушы стартапелер жиі кеңес алады ма?

  • Соңғы уақыттары - иә. Бір жағынан, менің ойымша, кеңес беруге әлі ерте, өйткені менің өзім АТ-кәсіпкерлікте алғашқы қадамдарды ғана жасаудамын. Екінші жағынан, менде қателіктерден аулақ болу тәжірибесі бар. Негізінен, сіз өз мақсаттарыңызды сандармен нақты біліп, сәл кеңестерге құлақ асуыңыз жөн.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Отлично, коллега! КБТУ 201х 💪

Жауап беру