Инкубациялық күнделіктер. Алматы

Алматыдан келген 20 стартап өздерінің батыл технологиялық идеяларын жүзеге асыруға дайындалуда. 10 қыркүйекте мегаполисте Astana Hub аймақтық инкубация бағдарламасы аясында оқыту басталды.


Ұйымдастырушылар мазмұнды бағдарлама дайындады. Бүгінде 3 воркшоп өтті. Бағдарлама аясында барлығы 15 дәріс, сондай-ақ трекшен-кездесулер, тәлімгерлермен консультациялар және пікірлестер қауымдастығында көптеген жұмыстар жоспарланған.

Болашақ стартаперлер үшін өткен алғашқы воркшоп - "Техпренерлік". Уақыт бағыты және мемлекеттің қажеттілігі. KBTU Business Incubator басшысы Владимир Попов техно-бизнестің өзектілігі, сондай-ақ осы келешек бағыт үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.

Бағдарлама шеңберінде қатысушылар MCI (Maximum Competitive Idea - бәсекеге қабілетті идея)  сатысының оң/сол тұстарымен және IT әлеміндегі трендтермен танысты, сонымен қатар бірігіп, "серпінді идея" ұғымына анықтама берді. Үшінші сабақта жаттықтырушылар стартап-жоба командасын қалыптастыру және рөлдерді бөлу бойынша өз білімдерімен бөлісіп, сәтті стартаптардың кейстерін талқылады.

«Инкубацияға біз Qfit - минуттық фитнес төлем қызметімен бірге келдік. Оның мақсаты - жаңа білім мен мотивация алу», - дейді стартаптың негізін қалаушысы Бекжан Тұрғанбаев.

 «Менің ойымша, инкубациялық бағдарлама - бұл теория мен тәжірибе арасындағы керемет тепе-теңдік. Спикерлер бізге демалуға мүмкіндік бермейді», - деп атап өтті Вадим Усольцев, "GRC Automation" стартапы.

Естеріңізге сала кетейік, инкубацияға қатысу үшін үміткерлер сарапшымен сұхбаттан өткен болатын. Сұхбат қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған стартаптар инкубацияға қатысуға шақырылды.

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

Ракета 200

Жауап беру

Супер!!! Алға Қазақстан

Жауап беру

Наши орлы. Радуют результатами!

Жауап беру