StrategEast форумы: Қазақстанның экспорттық IT саласын дамыту арнайы сессияда талқыланды

StrategEast "Мемлекет және АТ" Еуразиялық форумы (StrategEast State and IT Eurasian Forum) шеңберінде Astana Hub-пен серіктестікте "Қазақстанның IT-саласында экспортты дамыту" атты арнайы сессия өтті. Талқылаудың модераторы StrategEast президенті Анатолий Моткин болды.


ЦДИАӨМ ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов Қазақстандағы IT-саланы ынталандыру шаралары туралы айтып, IT- экспорттың өсу факторлары ретінде адами капитал мен өңірлердің дамуын атады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин Қазақстандағы цифрландыру туралы айтып, азаматтармен онлайн режимде өзара іс-қимыл мемлекеттік органдарда кезектерді қысқартуға, үзінді көшірмелерді, анықтамаларды, лицензиялық құжаттарды және т. б. алуды жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік берген бірнеше мысалдарды көрсетіп, денсаулық сақтау сияқты түрлі салаларда барлығы 200-ден астам қызмет автоматтандырылды, әлеуметтік қамсыздандыру және басқалар.

Astana Hub басқарушы директоры Абай Әбсамет : "Astana Hub-тың басты мақсаты - біздің резиденттерге 2025 жылға қарай IT экспортын $500 млн-ға арттыруға көмектесу. Осы мақсатқа жету үшін біз ақпараттық жұмыс, таланттарды тарту, оларды дамытудан бастап, масштабтауға дейінгі өмірлік циклінің әр кезеңінде IT компаниялар мен технологиялық стартаптарға қолдау көрсетеміз".

StrategEast Kazakhstan жобалық кеңсесінің директоры Аида Диханбаева Қазақстанның IT-индустриясын дамытудың негізгі көрсеткіштерімен бөлісті және Astana Hub Tech Orda жобасы туралы айтты: "Бүгінгі таңда 49 ІТ-мектеп жаңа IT-мамандарды даярлауға қаржы алды. Бір студентке арналған грант шамамен 1,2 мың долларды құрайды, ал мақсат-2025 жылға қарай 20 мың студент даярлау", - деп түсіндірді ол.

Most Ventures басқарушы серіктесі және тең құрылтайшысы Павел Коктышев Қазақстандағы IT экспортының венчурлық құрамдас бөлігі туралы айтып берді. "Сандар әсерлі. 2020 жылдан бастап Орталық Азияда венчурлік капиталды тартудың 28% - ға өсуі тіркелді. Қазақстанда стартап тартқан ең ірі инвестиция 10 млн-ға жетті".  

"Toolpar" ЖШС өнім жөніндегі менеджер, Tastamat жобасы және Astana Hub резиденті Ақтөре Барлыбаев өзінің жобасы және резидент мәртебесінің артықшылықтары туралы айтып берді: "Astana Hub біздің стартапқа маңызды болып табылатын алғашқы үш жыл — "ажал алқабынан" аман өтуге көмектесті. Бізде кеңсені тегін жалға алу мүмкіндігі болды, олар жақсы инфрақұрылымды, қуатты желіні, жарнамалық қолдауды және әртүрлі бағдарламалар арқылы қаржыландыруды қамтамасыз етті".

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін