Байқау Қазақстанның түкпір-түкпірінен мектеп оқушыларын, студенттерді, стартаптар мен зерттеушілерді біріктіріп, AI-жобаларды прототиптен дайын технологиялық шешімдерге дейін дамытуға мүмкіндік берді. Барлығы 827 өтінім түсіп, финалға 20 команда шықты.
alem.ai battle жарысының жеңімпаздары төрт аталым бойынша анықталды:
– AI Young Talents – ағзадағы глюкоза мөлшерін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі;
– AI Driving Power – мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі;
– AI Innovators – ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған Robio диагностикалық қолғабы;
– Future Builders – ЖИ-модельдерін үйретуге қолданылатын сапалы деректерді жинауға және қалыптастыруға арналған NCSPEECH стартап сервисі.
Байқауды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қолдауымен Astana Hub ұйымдастырды.
alem.ai battle – елдегі жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған alem.ai бастамасының бір бөлігі. Бұл жоба жаңа буын мамандарын дайындап, адам капиталын дамытуды көздейді.