Аймаққа инновацияны енгіз!

Технопарктердің пайда болу тарихын Стэнфорд университетімен байланыстырады.


50-ші жылдары университет басшылығы Кремний алқабы деп әлемге танылған жаңа технологиялар орталығын құруға шешім қабылдады.

Қазіргі технопарктердің негізгі міндеті - инновациялық әлеуетті дамыту және инновациялық идеяларды коммерциялық іске асыру. Аймақтарда технопарк құру - бұл жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, заманауи технологиялардың дамуы, ал мемлекет үшін – дамудың инновациялық жолында қалыптасу. Қазақстанда инновациялық идеяларды коммерцияландыруды қамтамасыз ететін ондаған технопарктер, бизнес-инкубаторлар бар. Оралда 2004 жылы негізі қаланған «Алгоритм» технопаркі технологиялық құрылымдардың дамуына жауап береді. Технопарктің миссиясы - технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті дамытуды, шағын индустриялық аймақ қатысушыларының және жобаларды іске асыратын, оның ішінде Қазақстан экономикасы салаларын цифрландыру саласындағы өзге де шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларын іске асыру арқылы инновацияларға сұранысты қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

«Алгоритм» технопарк ғимараты Шаған өзенінің жағасындағы қазіргі заманғы төрт қабатты ғимарат. Онда түрлі компаниялардың кеңселері, конференц-залдар орналасқан.

2018 жылы Технопарк Батыс Қазақстан облысы IT қауымдастығының негізін қалаушы болды. Оның мақсаттарының бірі - шағын индустриалды аймақтарды басқаратын ұйым құру. Бұл республикада шағын инновациялық компаниялар нарығының, ақпараттық технологиялардың дамуына, оның ішінде ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту саласында мемлекетке қатысу және жәрдемдесу арқылы ықпал етеді.

Бұдан басқа, технопарк 9 университетпен, Аstana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркімен және QazTech VenturesАҚ-мен белсенді ынтымақтастық жүргізеді.

Қазір технопарк «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты ғимаратының екінші қабаты негізінде бизнес-инкубатор құруды жоспарлап отыр. Ол оқыту семинарларын ұйымдастырып, резиденттердің бизнес жобаларын акселерациялауды және басқа да қызмет түрлерін жүргізеді.

 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін