«Биыл резиденттеріміздің жалпы табысы $1 миллиардтан асады»
Соңғы 5 жылда Astana Hub тамаша нәтиже көрсетті. Мағжан Мәдиев нақты сандармен бөлісті:
– 2019 жылы бізде шамамен 300 резидент болды, олардың жалпы табысы 15 миллиард теңгені құрады. Былтыр 1400 резидент пен 400 миллиард теңге табысқа жеттік. 2024 жылы, алғашқы жартыжылдық көрсеткіштеріне қарап-ақ, резиденттеріміздің жалпы табысы шамамен 550 миллиард теңгені құрайтынын көріп отырмын – бұл $1 миллиардтан асады. Бұл – біздің экспоненциалды өсімге қол жеткізгеніміздің айқын дәлелі.
Алдағы қадамдарымызға тоқталсақ, жасанды интеллектті дамыту үшін арнайы экожүйе құру қажет. Сонымен қатар венчурлық инвестициялар саласындағы жағдайды түбегейлі өзгерту мәселесі бар – біздің сала айтарлықтай қаржыландырылмаған. Ең бастысы, адам капиталын дамытуға ерекше көңіл бөлу маңызды. Білім беру жүйесі, мейлі жеке не мемлекеттік болсын, әлдеқайда тиімді жұмыс істеуі керек.
Толығырақ Digital Business сайтынан оқуға болады.
Фото: Digital Business