AI-стартапты нөлден бастап іске қосып, алғашқы инвестицияны қалай тартуға болады: AI’preneurs бағдарламасының 6-легі басталды
Astana Hub жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамытуға арналған AI’preneurs акселерациялық бағдарламасының алтыншы легіне өтінім қабылдауды бастады. 2026 жылы бағдарлама Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының базасында өтеді.
AI’preneurs өз AI-стартабын іске қосып, идеядан бастап алғашқы клиенттер мен инвестицияға дейінгі жолдан өтуді мақсат ететін мамандарға арналған. Бағдарлама Қазақстаннан және басқа елдерден келген әзірлеушілерді, инженерлерді, AI мамандарын, өнім менеджерлерін, кәсіпкерлер мен стартаперлерді біріктіреді.
Өтінімді жеке қатысушылар — әзірлеушілер, инженерлер, жасанды интеллект саласының мамандары, өнім менеджерлері, кәсіпкерлер және технологиялық өнімдер жасауға қызығушылық танытатын өзге де мамандар бере алады. Командалар бағдарлама барысында қалыптастырылады. Қатысу конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады: өтінімдерді қарау кезінде үміткердің тиісті сараптамасы мен тәжірибесі, стратегиялық ойлау қабілеті, уәжі, сондай-ақ командада жұмыс істеуге және технологиялық өнімді дамытуға дайындығы бағаланады.
Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — Founder Lab — төрт аптаға созылады және командалар құруға, кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және болашақ өнім идеяларын пысықтауға бағытталған. Екінші кезең — Core Accelerator — он аптаға есептелген және гипотезаларды тексеруге, MVP әзірлеуге, алғашқы клиенттерді табуға және жобаны ауқымдауға дайындауға арналған. Бағдарлама Demo Day қорытынды іс-шарасымен аяқталады. Онда командалар өз стартаптарын инвесторларға, венчурлік қорларға және корпоративтік серіктестерге таныстырады.
AI’preneurs қатысушылары Astana Hub инфрақұрылымына, AlemPlus технологиялық платформасына, менторлық қолдауға, білім беру воркшоптарына және жеке трекингке қол жеткізеді. Core Accelerator кезеңінде басқа қалалардан келген қатысушыларға тұру қарастырылған.
Бағдарлама сондай-ақ Astana Hub-тың жаһандық экожүйесі арқылы бастапқы инвестиция тартуға және халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.
AI’preneurs бағдарламасы іске қосылғалы бері оған 960-тан астам өтінім түсті. Алғашқы үш лек қорытындысы бойынша бағдарламаны 79 қатысушы аяқтап, олар 35 стартап құрып, жалпы сомасы 400 мың АҚШ долларынан астам инвестиция тартты.
Сәтті жобалардың бірі — STIKER.AI. Бұл салық консультанттары мен тәуелсіз сарапшылардың жұмысын автоматтандыруға арналған AI-сервис: құжаттарды жинаудан және еске салулардан бастап, WhatsApp арқылы төлем қабылдауға дейінгі процестерді қамтиды. Команда өнімді бағдарлама аясында әзірлеп, алғашқы сатылымдарын бастап, АҚШ нарығына шықты.
Тағы бір табысты мысал — re:create стартапы. AI’preneurs бағдарламасының түлегі болып табылатын бұл жоба 150 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты.
2025 жылы бағдарлама қатысушыларының стартаптары 153 млн теңге көлемінде сатылым және алдын ала сатылым көрсетті. Сонымен қатар, екі команда Astana Hub Ventures қорынан жалпы сомасы 75 мың АҚШ долларына soft commitment алды.
Алтыншы лекке өтінім қабылдау 2026 жылғы 17 тамызға дейін жалғасады. Өтінімді сілтеме арқылы беруге болады.
Қосымша ақпарат: programs@astanahub.com, 1818.