Қандай компаниялар салық төлеуден босатылады?

Ақпараттық технологиялар саласында дамып жатқан және Astana Hub қатысушысы саналатын компаниялар 20% корпоративтік салық, 12% қосылған құн салығы, 10% жеке табыс салығы, 9,5% әлеуметтік салық және т.б. салық төлеуден босатылды.


 IT-компания қызметтің басым түрлерінің тізімі шеңберінде ғана жұмыс істеген жағдайда салық төлемеуге болады. Мемлекет IT-өнімдерді әзірлейтін компанияларға қызмет саласына қарамастан қолдау көрсетіп, түрлі жеңілдік ұсынады. Бұл салықтық жеңілдіктер тек қызметтің басым түрлерінің тізімі аясында жұмыс істейтін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізетін компанияларға арналғанын білдіреді. Алайда, егер сіздің компанияңыз басым қызметтер тізімінен басқа бағытта қызмет атқаратын болса, онда бұл Astana Hub халықаралық технопаркінің қатысушыларының тізімінен мерзімінен бұрын шығаруға негіз болып, компания салық жеңілдіктерінен айырылады.

 Astana Hub-та компанияларда келісім-шарт талаптарының және басым қызмет түрлерінің сақталуын қадағалайтын мониторинг қызметі бар. Түсінікті болуы үшін бірнеше жағдайды қарастырайық.

 Мәселен, мониторинг барысында бір ЖШС Қазақстанда агроөнеркәсіп кешені саласында бағдарламалық өнім әзірлеп, оған қолдау көрсеткені анықталды. Дегенмен, қатысушы бизнес-жоспарда көрсетілген өз өнімін жүзеге асырумен қатар, басым әрекеттер тізімі шеңберінен шығатын Kaspersky Anti-Virus, SONO, Салық төлеушінің аккаунты, WinSvrCAL 2019 SNGL OLP NL DvcCAL орнатумен айналысқан.   

 Тағы бір мысал, ЖШС басым қызметтер тізіміне және өз өндірісінің критерийлеріне сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асырған, атап айтқанда, теледидар, ноутбук, телефон, GSM сигналын күшейтуге арналған жабдықтар жиынтығы, өрт дабыл жүйесіне арналған жарық және дыбыстық хабарлағыштар, ажыратқыштар, серверлер және басқа жабдықтар сатумен айналысқан. Сөйте тұра, бұл тауарларды қатысушы өзі шығармаған.

Келесі ЖШС тіркеу кезінде платформа арқылы жалпы қан анализін математикалық өңдеу арқылы адам денсаулығының жағдайын анықтау жобасы болатынын хабарлаған. Технопарк қатысушысы болған кезде  ЖШС бизнес-жоспарда көрсетілген платформаны пайдалану арқылы медициналық қызмет көрсеткен. Алайда, осы қызметтермен қатар, қатысушы платформаны пайдаланбай-ақ медициналық кеңес беру қызметін де көрсеткен.

Сондай-ақ, тағы бір қатысушы компьютерлік, мобильді және онлайн ойындарды әзірлеу, енгізу, техникалық қызмет көрсету, дамыту, модификациялау бойынша қызмет көрсететінін мәлімдеген. Бұл қызметтен кіріс алмаған, бірақ консалтингтік маркетингтік қызметтерді көрсетуден табыс тапқан.

Тағы бір ұйым Технопаркке қатысу кезінде басым бағыттар тізімінің 17-тармағына сәйкес келмейтін және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына жатпайтын пәндер бойынша тікелей репетиторлық қызметтен кіріс алған.

 Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі еріктілік, заңдылық және транспаренттілік қағидаттарында әрекет ете отырып, жобаны құруға және дамытуға ықпал ететін бірқатар маңызды артықшылық ұсынады. Салықтық преференциялар түріндегі бұл шара IT-компанияларға салық төлеуден үнемдеген қаржысын өз жобасын дамытуға жұмсауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау саналады. Мониторинг қызметі келісім-шарт талаптарының сақталуын тұрақты қадағалайды және өз жұмысының нәтижесін astanahub.com платформасында жариялайды.

 Мониторинг қызметінің жұмысына қатысты сұрақтар бойынша 2222 нөміріне хабарласуға болады. Басым қызмет түрлерінің тізімімен мына сілтемеден танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018523 

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

Спасибо за информацию, очень актуально)

Жауап беру

Очень полезная статья!

Жауап беру

согласен

Жауап беру