Paidax – халықаралық компаниялардың акцияларына инвестиция жасауға жол ашатын әрі этикалық инвестициялық шешімдерге басымдық беретін платформа. Мұнда шариғат талаптарына сәйкес болу тексерісі жүргізіледі: акциялар Ailat серіктесінің қатысуымен ислам қағидаларына сай сарапталады.
Компания басшысы Бексұлтанқожа Ануаровтың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның қаржы саласында жүйелі өзгерістер жүріп жатыр: “Жаңа институттар қалыптасып, заманауи тәсілдер енгізілуде. Осы ретте жинақ пен инвестициялауға арналған икемді әрі қолжетімді құралдарға сұраныс артып келеді. Іске қосылған долларлық жинақ шотымыз – осы қажеттілікке арналған ұсыныс әрі дәстүрлі депозиттерге балама болатын, пайдаланушыға қаражатын басқаруда көбірек еркіндік беретін ашық қаржылық шешім”, – деді ол.
Бұл исламдық жинақ шоты – шариғат талаптарына негізделген долларлық депозиттің баламасы. Қазіргі таңда долларлық депозиттер бойынша орташа табыстылық шамамен 1% деңгейінде болса, жаңа құрал исламдық қаржыландыру қағидаларын сақтай отырып, анағұрлым жоғары кіріс ұсынады. Өнім шариғат талаптарын ұстанатын клиенттерге де, валюталық әртараптандыруға мүдделі инвесторларға да арналған.
Paidax – өңірдегі ең ауқымды акселерациялық бағдарламаның бірі Silkway Accelerator түлегі. Компания Astana Hub экожүйесіне кіреді және бұған дейін White Hill Capital, Aloqa Ventures және GWM қорларынан инвестиция тартқан. Сондай-ақ АХҚО юрисдикциясында жұмыс істейді және AIX пен ITS биржаларының сауда қатысушысы қатарында бар.
Анықтама үшін: Paidax Limited компаниясына «Dealing in Investments as Principal (as a matched principal), Dealing in Investments as Agent» қызметтерін жүзеге асыруға арналған AFSA-G-LA-2023-0007 лицензиясы 2023 жылғы 7 қарашада АХҚО жанындағы AFSA Қаржылық қызметтер комитеті тарапынан берілген.