Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Қазақстаннан шыққан генеративті жасанды интеллект бағытындағы ең жылдам өсіп келе жатқан жобалардың бірі – Higgsfield AI компаниясы Series A раунды аясында 50 миллион доллар инвестиция тартқанын жариялады. Бұл туралы компанияның тең құрушысы Ерзат Дулат хабарлады. Инвестициялық раундқа жетекшілік еткен – GFT Ventures венчурлық қоры, сондай-ақ BroadLight Capital, NextEquity Partners, AI Capital Partners және Menlo Ventures сынды ірі инвесторлар да қатысты.
Ерзат Дулаттың айтуынша, қазіргі уақытта команда кеңейіп, 2022–2025 жылдар аралығындағы жетекші университеттердің түлектері мен магистранттарын жұмысқа шақырып отыр. Тек техникалық мамандық иелерін ғана емес, гуманитарлық бағытта білім алып жүрген жастарды да.
«Бізге мықты кадрлар қажет: аналитика, коммуникация және сату, жобаларды басқару, мәтіндер мен нарративтерді жазу, процестерді автоматтандыру, код жазу немесе креативті ойлау. Біз долларлық миллионер болуды мақсат еткен әрі бізбен бірге жаңа декакорн құруға ниетті жастарды шақырамыз», – деді Ерзат Дулат.
Толығырақ DigitalBusiness сайтынан оқи аласыздар.