TrustMe стартапы «ойындар теориясын» қолдана отырып, инвестиция тартты

Қазақстандық TrustMe IT-стартапы компанияны $2,5 млн-ға бағалай отыра, $300 мың инвестиция тартты. Ол үшін компания өзінің ерекше тәсілін қолданып, әйгілі "ойындар теориясына" жүгінді.


 "Белгілі ғалым Джон Нэш ойлап тапқан ойындар теориясы бар. Ойындар теориясы дегеніміз – екі немесе одан да көп тараптардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу үрдісі. Мен көптеген менеджерлік шешімдерімді осы әдіс арқылы жүзеге асырамын. Яғни, мен әр тараптың қаншалықты пайда көретінін болжамдаймын. Бұл келіссөз жүргізудің ажырамас бөлігі", - деп атап өтті TrustMe компаниясының негізін қалаушысы - Шыңғыс Дәулетбаев.

 Кәсіпкер өзінің YouTube каналында TrustMe деген не, ол қалай жұмыс істейтіні және компанияның 4% акциясына 200 мың доллар инвестиция тарту керек екендігі туралы видео жазып, оны жариялады және видеоға сілтемені туыстары мен достарына жіберді.

"Кім қанша инвестиция салатынын, компания акцияларының қанша пайызына ие болатынын ешкім білмеді. Барлығы өз инвестициялайтын сомасын мәлімдеді, егер ол 200 мың доллардан аз болса, онда барлығы акциялардың пайызын сәйкесінше жоғары алды. Нәтижесінде, бәрі олжалы болып, тең дәрежеде ұтты. Міне, осындай теория", - дейді Шыңғыс. Осылайша, команда pre-seed раундта $200,000 инвестиция, seed раундының I кезеңінде $100,000 инвестиция тарта алды.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл әдіс басқа қазақстандық стартаптарға да пайдалы болады. Инвестицияларды тарту процесінде "ойындар теориясы" кәсіпкерлер үшін де, инвесторлар үшін де пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан, инвестиция тартудың келесі кезеңін Шыңғыс дәл осындай сценарий бойынша өткізуді жоспарлап отыр. СЕО және Trustme негізін қалаушысы – Дәулетбаев Шыңғыс жақын арада $600 мың көлемінде инвестициялардың Seed раундының II кезеңі басталатынын хабарлады.

 TrustMe бұқара халыққа ақысыз сервистерді, сондай-ақ кәсіпкерлерге бизнес-үрдісті жеңілдетуге бағытталған ақылы сервистерін ұсынады. Компания 2021 жылдан бастап Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушысы болып табылады. Қазіргі уақытта TrustMe 6 сервистен тұрады.

Компанияның үлкен жоспарлары көп. TrustMe міндеттерінің қатарына машиналық оқытуды енгізу, жасанды интеллектті дамыту, сенімді рейтинг платформасын құру, ESG басқару идеяларын алға жылжыту және халықаралық нарықтарға шығу кіреді. 

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Здорово, что в Казахстане развиваются экосистемы. Желаю вам удачи и процветания!

Жауап беру