«Идея кезеңінде-ақ үлкен ақша табуға болатынын түсіндім»
– Әлібек, ІТ саласына қалай келдіңіз?
– 2013 жылы ММУ-дың есептеуіш математика және кибернетика факультетін бітірдім. Дереу кәсіпкерлікке бет бұрдым: сайт әзірлеу және digital-маркетингпен айналысатын веб-студия құрдым. Бірақ әрдайым жай қызмет көрсетіп қана қоймай, өзім сататын және табыс әкелетін өнім жасауды қаладым.
Стартап-индустрияға 2020 жылы келдім. Сол жылы Сингапурдан менің курстасым Мағжан Икрам ұшып келді. Ол өз ІТ өніміне идея кезеңінде-ақ $1 млн инвестиция тартқанын айтты. Сол сәтте бұл салада үлкен ақша табуға болатынын түсіндім де, Мағжанға бірге жоба бастайық деп ұсыныс айттым.
Алдымен чат-боттар құрастыратын конструктор жасайық деп ойладық, бірақ оған инвестиция тарта алмадық. Одан кейін цифрлық валюталар саласына арналған қаржылық құрал жасауға көштік, бірақ алты ай ішінде АХҚО-дан лицензия ала алмадық та, жұмысты тоқтаттық. Оның орнына блокчейн негізінде өзіміздің аналитикалық жүйемізді жасауды шештік. Онда пайдаланушы тіркелмей-ақ әмияндар туралы ақпарат, транзакциялар, криптобиржалардағы басқа қолданушылардың мінез-құлқын көре алды. Осылайша Oraclus пайда болды.
2022 жылы ірі блокчейн-деректер провайдерінен $400 мың инвестиция алдық, ал 2023 жылы Тим Дрейпердің Hero Training бағдарламасына өттік. Ол кезде Кремний алқабында ЖИ шешімдері белсенді жасалып жатқан. Біз де жобамызға жасанды интеллект енгізу туралы ойладық, мысалы, блокчейн саласында Perplexity сияқты (ЖИ негізіндегі интеллектуал іздеу жүйесі – Digital Business ескерт.) сервис құру.
Бірақ одан әрі дамыту үшін қаражат қажет болды. 2024 жылы $2 млн инвестициялық раунд ашатынымызды жарияладық. Сол уақытта біздің әлемдегі бәсекелестеріміз $30 млн, тіпті $60 млн-ға дейін алып жатты. Инвестициясыз қиын болатынын түсіндік, бірақ раундты жаба алмадық, сөйтіп Oraclus жобасын тоқтаттық.
– ЖИ-агент жасау идеясы қашан пайда болды?
– Осы уақытта тағы бір курстасым Ұлыбританиядан Қазақстанға келді. Ол Лондонда GSK фармацевтикалық компаниясында жұмыс істеп, GenAI өнімдері мен мультиагенттік шешімдер жасауға қатысқан екен.
Ол агенттердің бір-бірімен сөйлесіп, автономды шешім қабылдай алатынын, тапсырмаларды бөліп, орындалуын тексеретінін айтты. Мен қатты таңғалдым және оған компанияларға инвестициялық кеңес беретін жасанды интеллект шешімін бірге жасайық деп ұсыныс айттым.
2024 жылдың соңында бұл идеяны Қазақстан, Өзбекстан, Гонконг және Кипрде бизнесі бар кәсіпкерге, сондай-ақ Өзбекстандағы AVO банкінің бас бенефициары Руслан Әділбаевқа айттым. Ол бұл идеяның әлеуетін көрді, бірақ нарықтағы басқа ойыншылар мұндай шешімге дайын емес екенін білдік. Оның орнына сөйлескен инвестициялық компаниялардың бірі бізден ЖИ-ді қарапайым деңгейде енгізуді сұрады, локалды деректер негізінде жабық контурда жұмыс істейтін чат-бот жасап беріңдер деді. Біз келісімшартқа отырып, жұмысқа кірістік.
«Алдыңғы жобаларда өнім жасауға басымдық бердік, одан да көбірек сатуға көңіл бөлу керек еді»
– Одан кейін не болды?
– Биыл наурызда Астанада Руслан Әділбаевпен қайта кездестім. Оның Алматыға ұшуға дейін небәрі бір сағаты ғана бар еді. Мен оған мультиагенттер қалай жұмыс істейтінін, не істей алатынын егжей-тегжейлі түсіндіре бастадым. Қазір бір инвестициялық компания үшін қандай шешім әзірлеп жатқанымызды айттым. Уақыт жетпеді, сондықтан сол рейске билет алып, бірге ұшып кеттім. Ұшақта, қонақүйде сөйлестік, келесі күні бизнес-жоспар жасап, инвестиция тарту туралы келісімге келдік. Руслан жобаға $1 млн құйды, бұл қаражат өнімді дамыту мен команданы қолдауға жұмсалды. shai.pro тарихы осыдан басталды.
– Алғашқы кезеңде қандай қиындықтар болды?
– Ол кезде көптеген компания басшылығы ЖИ оларға нақты қалай көмектесетінін толық түсінбеді. Біз мәселені мүмкіндігінше рационалды түрде шешуге тырыстық. Ең алдымен әлеуетті клиенттердің бизнес-процестерін зерттедік. Ол үшін қызметкерлерден фокус-топ жасақтап, воркшоптар өткізіп, ЖИ олардың жұмысын қалай жеңілдететінін бірге талдадық. Содан кейін ЖИ-агент көмегімен тез орындалатын және нақты нәтиже беретін міндеттердің тізімін жасадық.
Содан кейін ғана басшылық қандай агенттерді бірінші кезекте іске қосу керегін анықтайтын, ал біз жұмысқа кірісетінбіз. Осы тәсіл ЖИ-ді тек “белгі қою үшін” емес, нақты қажет жерде енгізуге мүмкіндік берді.
Мысалы, осы сұраныстардың бірінің арқасында біз SHAI Compliance AI атты вертикалды агент жасадық. Ол құжаттың халықаралық және салалық стандарттарға (ISO, МЕМСТ, API, ASME) сәйкестігін тексереді. Адам бірнеше сағат жұмсайтын жұмысты ЖИ-агент бірнеше минутта орындайды.
Сонымен қатар алдыңғы жобалардағы тәжірибе shai.pro жасау кезінде көп қателіктен сақтады.
– Қандай қателіктер?
– Біріншісі – жарнаманың болмауы. Біз, негізінен, программистерміз, мінезіміз де біршама қарапайым. Бұрын өнімдер жасадық, бірақ олар туралы жұртқа айтпадық. Тіпті 2022 жылы Oraclus үшін $400 мың инвестиция алған кезде бұл туралы медиа мен әлеуметтік желілерде жарияламадық. Сол кезде бұл сома болмашы көрінді. Бірақ егер сол кезде өзімізді көрсетсек, бәлкім, өткен жобаларымыз жалғасар ма еді.
Екіншіден, клиенттердің көпшілігі қай елде орналасса, компания да сонда жұмыс істеуі маңызды. Әсіресе күрделі өнім сатсаң. Oraclus туралы айтсам, біздің клиенттердің көбі Қазақстанда болған жоқ. Біз Сингапур, БАӘ сияқты блокчейн қарқынды дамып жатқан елдерге жиі барып жүрдік. Бірақ ірі келісімдер жасай алмадық: үлкен сомалы контракт жасасаң, үнемі екінші тараптың қасында болуың қажет.
Инвестициялық раунд ашқанда «біз Қазақстандамыз, мұнда бәрі арзан» деген логикамен жүруге болмайды. Егер әлемдік деңгейде бәсекелес болғың келсе, әлемнің түкпір-түкпірінен мықты мамандар жалдап, қиын міндеттерді тез шешіп, өнімдерді нарыққа жылдам шығара алуың керек. Яғни ірі сомада инвестиция тарту қажет.
Тағы бір қателігіміз – фокустың дұрыс қойылмауы. Бұрын біз алдымен өнім жасауды басты мақсат еттік, дұрысында көбірек сатуға көңіл бөлу керек еді. Ал shai.pro жайлы айтсам, біз бірінші клиентке – инвестициялық компанияға идея ұсынып, ақша алдық және сол қаржыға өнімді жасадық.