Қазақстандық банктер онлайн-транзакциялар бойынша жылдық айналымының шамамен 0,15% мөлшерін алаяқтыққа қарсы іс-шараларға жұмсайды. Мәселен, тәуліктік айналымы 5 млрд теңге болатын банк транзакцияларды тексеруге жылына 220–350 млн теңге дейін қаражат шығындайды.
Мұндай деректерді банктерге арналған антифрод шешімдерін әзірлейтін Baraiq компаниясы келтіріп отыр. Компанияның талдауына, банктермен жүргізген жұмысы мен өзара тәжірибесіне сүйенсек, қаржы ұйымдары жалпы онлайн-транзакциялар көлемінің 0,15%-ын алаяқтықтан қорғау шараларына бағыттайды.
Яғни клиент банктің ішінде әрбір 1 000 теңге аударған сайын, қаржы ұйымы оны тексеруге 1,5 теңге жұмсайды. Егер қаражат басқа банкке жөнелтілсе, тексеру құны 10 теңгеге дейін өседі.
Банктер бұл қаражатты бағдарламалық қамтамасыз етуге, лицензияларға, мониторинг, тергеу топтарының жұмысына, клиенттерге қоңырау шалуға, оқытуға және аутсорсингке жұмсайды.
«Күніне 1 млн онлайн-транзакция өңдейтін, тәуліктік айналымы 5 млрд теңгеден асатын шағын банк үшін жылдық антифрод шығындары бар болғаны 220–350 млн теңгені (шамамен $400–600 мың) құрайды. Бұл – аса үлкен сома емес. Заманауи антифрод шешімдеріне салынған әрбір доллар $8–$15 аралығында шығынның алдын алады, ал real-time мониторинг пен машиналық оқыту технологияларын қолданғанда бұл көрсеткіш $20–30 долларға дейін артады», – деп атап өтті Baraiq өкілдері.
Компанияның айтуынша, елімізде қаржылық алаяқтықтан зардап шеккен бір азаматқа келетін орташа шығын 2,8 млн теңге, ал ел бойынша жылдық жалпы шығын 30 млрд теңгеден асады.
Бұған дейін Ұлттық банк клиенттер алданбай тұрып, алаяқтарды алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі жаңа құралдарды әзірлеп жатқаны хабарланған еді.
Толығырақ ақпарат Kursiv.media сайтында.