Корпоративтік инновациялар: Astana Hub процестерді цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін қалай шешеді
Қазіргі заманғы технологиялар күрделене түсуде және процестерді автоматтандыру, әсіресе ірі компанияларда - ерекшелік емес, алайда қажеттілік болып есептеледі. Astana Hub корпоративтік инновациялар кеңсесінің бас менеджері Талғат Маратов қараша айының соңында тегін диагностика бағдарламасы аясында Алматы Тұрмыстық техника зауытына барды. Біз Талғатпен IT-саласы шеше алатын корпорациялардың проблемалары және бұл мәселеде стартаптардың рөлі туралы әңгімелестік.
- Ірі корпорациялар өз идеяларын жүзеге асыру үшін стартаптарды қалай іздейді?
- Көбінесе ірі корпорациялар мен компаниялар шетелде креативті шешімдер іздеуге бағытталған, бұл оларға қажетті шығындардан әлдеқайда көп тұрады. Astana Hub компаниялар мен технологиялық стартаптардың ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер беретін алаң болып табылады. Бұл қалай жұмыс істейді? Стартап белгілі бір мәселенің оңтайлы шешімін ұсынады. Корпорация бұл ұсыныстарды қарастырады. Нәтижесінде, компания қолайлы құны бойынша сапалы қызмет алады, ал стартап - ірі компаниямен жұмыс тәжірибесі және өз қоржынына кезекті кейс алады.
- Astana Hub компанияларға стартап табуға қалай көмектеседі?
- Біз IT-стартаптар технопаркі ретінде хакатондар, челлендждер, demo күндер өткізу жолымен тұрақты түрде толықтырылып отыратын технологиялық жобалар мен әзірлемелердің ауқымды базасына иеміз. Нақты мәселенің шешімін табу үшін біз технологиялық скаутинг жүргіземіз. Скаутингтің мәні мынада: компания техникалық тапсырманы ұсынады, біз оны платформада орналастырамыз astanahub.com. бұдан әрі стартаптар қатысуға өтінім береді, осылайша осы кейсті шешу үшін әлеуетті қатысушылар іріктеледі.
- Газ плиталарын дайындау кәсіпорнында жүргізген диагностика туралы айтып беріңізші.
- Алматы Тұрмыстық техника зауыты газ және электр плиталарын, пештерге арналған жанарғылар мен құрылғыларды шығаруға бағытталған, қуаттылығы жылына 200 мың плитаны құрайтын және 200 жаңа жұмыс орнын ашатын жаңа кәсіпорын. Біз әріптестерімізбен бірге диагностиканың бірінші кезеңін өткізу үшін кәсіпорынға бардық. Келесі жағдайлар анықталды: шетелден тікелей жеткізілетін қосалқы бөлшектерді есепке алу қажеттілігі, металл өндірісі бойынша жергілікті кәсіпкерлерді іздеу және болашақта өндірілетін техниканың деңгейі мен саны өскен кезде кейбір процестерді автоматтандыру қажеттілігі. Жүргізілген диагностиканың қорытындысы бойынша біз ұсыныстар бердік және осы шешімдердің әрқайсысы үшін стартаптар арасында технологиялық скаутинг жарияладық.
- Процестерді цифрландыруға арнайы жиі қолданылатын құралдар туралы не айта аласыз?
– Цифрландыру үшін енгізу қажет ең бірінші және негізгі қадамдардың бірі-бұл қағаз үдерістерді электронды түрге ішкі ауыстыру. Бұған кадрлық және ішкі процестер бойынша құжат айналымы жатады. Егер компания кішкентай болса, онда компанияның барлық процестерін бұлтты шешімдерге енгізуге болады. Бұл қашықтықтан жұмыс істеу жағдайларын жақсартады. Бірақ, ең алдымен, өзгерістердің тиімді болуы үшін басшылықтың сандық стратегияны құрудың маңыздылығын түсінуі қажет.
Сұхбат жүргізген Аружан Байзакова.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін