Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі 5G-инкубация бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді тіркеуін жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, 5G-инкубация 5G технологиясын пайдалана отырып, жаңа цифрлық өнімдерді пысықтауға және тестілеуге арналған бағдарлама болып табылады. Онда AR/VR -технологиялары, ХR -платформалары салаларында жаңа шешімдер әзірлейтін стартаптар, сондай-ақ пилотсыз көлік және машиналық көру бағытындағы жобалар және басқа жобалар да қатыса алады.
Бағдарламаны іске асыру процесі бес кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең өтінімдерді қарау мен жобаларды іріктеуден тұрады. Іріктеудің негізгі өлшемі -минималды өміршең өнімнің (MVP) немесе дайын өнімнің болуы, технологияны қолдану гипотезасын сипаттайтын 5G пайдалану әлеуетінің, сондай-ақ өнімді қайта өңдеуге қабілетті маманмен бірге даму тобының болуы. Бұл кезеңде ұйымдастырушылар өтінімдерді қарайды және әлеуетті қатысушылармен сұхбат жүргізеді. Екінші кезең Techpreneurs платформасында тіркеуден және жобаны диагностикалаудан тұрады. Үшінші кезеңде келісім-шартқа қол қойылады, Techpreneurs бағдарламасына және қызметтерге қолжетімділік беріледі. Төртінші кезеңде стартаптарға 5G бағдарламасының өзіне қол жетімділік беріледі. Осы кезеңде гипотезалар бойынша жұмыс, 5G технологиясын қолдана отырып өнімді тестілеу және техникалық сараптама жүргізіледі. Гипотезаларды дайындау өнім туралы мәліметтерді әзірлеуді, сарапшылармен кездесулерді, мастер-класстарды, прототипті жасау жоспарын құруды қамтиды. Қатысуды тіркеудің соңғы кезеңі- жобаны тестілеу (Demo Day) және инвесторлар алдында көрсету.
5G-инкубация B2C пайдаланушыларының мәселелерін AR/VR технологиялары мен голограммаларды қолданып шешетін қызметтерді ұсыну кезінде ыңғайлы, мысалы, XR-де концерттерде, бұлтты ойындарда, навигация және жарнама кезінде. Бағдарлама сондай-ақ AR/VR көмегімен өндірістік процестерді оңтайландыру және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру, логистиканы роботтандыру, кәсіпорынның инфрақұрылымын зерттеу, жүктерді жеткізу, қоймалар мен сауда үй-жайларын түгендеу мақсатында, сондай-ақ өндірістік процестерді бақылау, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін мониторингтеу және т. б. мақсаттарда пайдаланылады. 5G-инкубациясы басқару орталығынан түсетін командаларға тез уақытта жауап беруін талап ететін өндірістік техниканы немесе көлікті қашықтықтан басқару бойынша шешімдерді ұсынатынын атап өтуі маңызды. Мысалы, пайдалы қазбаларды өндіру, құрылыс техникасын басқару және жүктерді тасымалдау кезінде.
Бағдарлама шеңберінде стартаптар ауқымды ІТ-инфрақұрылымға, сараптамалық қолдауға, 5G бар пилоттық алаңдарға, салалық іс-шараларға қатысуға, технопарк базасындағы коворкингке қол жеткізуге, сондай-ақ жобаны инвесторлар алдында көрсетуге мүмкіндік алады. Қатысуға өтінімді cілтеме бойынша беруге болады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін