Бұл жай ғана электронды оқулық емес. Бұл — жекебілім беру көмекшісі. Ол:– оқушы қай тақырыпты меңгеріп, қай жерде қиналатынын талдайды;– тапсырмаларды оның деңгейіне қарай бейімдейді;– қателерді түсіндіреді;– тіпті мотивация беріп, кеңес айтатын виртуалдыментор ретінде де жұмыс істейді.
Сабаққа тікелей кірістірілген анимациялар, видеолар, ойындар, симуляциялар мен интерактивті тапсырмалар бар. Барлығы мектеп бағдарламасына сай, бірақ заманауи әрі интерактивті форматта.
Пилоттық жоба қыркүйекте басталады 2025 жылдың қыркүйегінен бастап AI Kitap еліміз бойынша «Комфортты мектептерде» сынақтан өтеді. Алғашқы болып 5-сынып оқушылары математика, информатика мен қазақ тілі пәндерін пысықтайды. Кейін — кеңінен енгізу жоспарда бар.
Айта кететін жайт, жоба Катарда да іске қосылады. 80 мектепті қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы Білім академиясы жанынан жасанды интеллектіні білімге енгізу бойынша зертхана құру жоспарда бар. Жобаның инвестициялық көлемі — $2 млн. Бұл компания тарапынан құйылатын жеке инвестиция.
Мұндай жобалардың жүзеге асуы – мемлекеттің қолдауының нәтижесі. Әсіресе цифрландыру саясатын жүйелі түрде ілгерілетіп келе жатқан Цифрландыру министрлігіне және стартаптарға ерекше мүмкіндік беріп отырған Astana Hub технопаркіне Жанәділ алғыс білдірді. Осындай экожүйеде пайда болған жобалар Қазақстан ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті бола алады.
CodiPlay туралы не білеміз? CodiPlay — жай ғана стартап емес. Бұл — 13 елде жұмыс істеп жатқан, 1200-ден астам мектепті цифрлық дағдылар эко жүйесімен қамтыған команда. Компания өнімдері Digital Public Good мәртебесіне ие және Еуропа елдерінің сертификатын алған.
Толығырақ Bluescreen.kz сайтынан оқи аласыздар.