Digital Bridge 2021 форумында Astana Hub ұйымдастырған SCALE сатысындағы стартаптар байқауының жеңімпаздары анықталды
Parqour, Kids Security, SipSim, FlowSell.me, Oqylyq.kz стартаптары жеңімпаз атанды. Әрбір финалист өз стартапын дамыту үшін 20 миллион теңге (47 мың АҚШ доллар) алды.
Parqour – машиналардың нөмірлерін тануға негізделген тұрақтарды басқару жүйесі. Қосымшаның алгоритмі бұлыңғыр, күңгірт, қиғаш мемлекеттік тіркеу нөмірінің суретін өңдей алады.
Kid Security – ата-аналарға арналған нақты және виртуалды әлемде балалардың орналасқан жерін бақылауға арналған қосымша. Қосымшаның көмегімен ата-аналар балалары үшін уайымдамайды, себебі: олар балаларының қайда екенін, олардың айналасында кім бар, әлеуметтік желілерде және ойындарда қанша уақыт өткізетінін біледі.
Flowsell.me – тұтынушылар базасын автоматты түрде сканерлейтін, RFM сегментациясын орындайтын және WhatsApp-та клиенттерге триггер хабарландыруларын жіберетін қызмет. Клиенттердің ай сайынғы өсімі 15% құрайды.
Oqylyq.kz – білім беру ұйымдары үшін автоматтандырылған тексеру технологиясын қолдана отырып, онлайн оқыту және білімді қашықтықтан тестілеу процесін ұйымдастыруға арналған қосымша. Барлық қажетті білім беру қызметтері бір терезе қағидаты бойынша жузеге асырылады.
SipSim – кәдімгі SIM-карталар негізінде 10 минут ішінде бизнес үшін толыққанды телефонияны ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, қызметкерлердің ұялы телефондарын қосымша жабдықсыз немесе мобильді қосымшаларсыз виртуалды АТС-ке түрлендіруге мүмкіндік беретін интернет қызметі.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев қатысып, финалистерді жеңіспен құттықтап, оларға жобаларды дамытуда одан әрі табысты болуға тіледі.
Байқау жеңімпаздары қаржыландырудан басқа, тегін жұмыс кеңістігі, оқыту және тәлімгерлік, инвесторлар мен 500 IT-компаниялар қауымдастығына қолжетімділік, салық және визалық преференциялар және PR қолдауы түрінде қосымша қолдау алады. Өз кезегінде стартаптар үш жыл ішінде табысының қосымша 1%-ын Astana Hub-қа аударады, осылай олар басқа стартаптардың дамуына үлестерін қосады.
Digital Bridge Forum 2021 көрмесіне «Қазақтелеком» АҚ, BTS Digital, «Теңізшевройл» ЖШС және «Транстелеком» АҚ компаниялары қолдау көрсетеді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін