"Басымдықтарды белгілеуді үйрендік","Жаңа деңгейге шықтық","Жаңа серіктестер пайда болды" - Silkway Accelerator 1-ші легінің қатысушылары өз әсерлерімен бөлісті
Astana Hub и Google for Startups бірге ұйымдастырған Silkway Accelerator бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылдануы 21 тамыз күні аяқталады.
Google for Startups және Astana Hub ұсынған Silkway Accelerator бағдарламасының алғашқы легі қазірдің өзінде жағымды нәтижелерге әкелуде. Қатысушылар қандай бағдарлама барысында жеткен нәтижелері жайлы айтып берді.
Қазақстандық стартап UvU - балаларды қауіпсіз тасымалдау сервисі. Жобада оқу кезеңінде стартап $1,5 млн астам сомаға алдын ала сатылымдар жасады.
«Мұндай нәтижеге біз бағдарламадағы трекердің қолдауымен қол жеткіздік. Біз алдын ала сатылымдар 3-4 есе аз болады деп ойлағанбыз. Оқудың бірінші айында-ақ біз бизнес-моделімізді қайта қарастырып, клиенттеріміз үшін тиімді ұсыныстар жасап, басымдықтар қоюды үйрендік. Бұның бәрі осындай көрсеткішке жеткізіп отыр», - дейді UvU негізін қалаушысы Мадияр Төлеуғали.
Тәжікістаннан келген жасанды интеллект (AI) зертханасы- zypl.ai стартабының ең басты қағидасы - пайдалы болатын AI өнімдерін жасау.
"Бізде екі жаңа серіктес пайда болды. Олар біздің кредиттік скорингке арналған бағдарламаның көмегімен $30 миллион астам микроқарыз бен автокредит бергісі келеді, бұл акселератор аясында болды. Оқу барысында біз басты нәрсеге назар аударуды және қажет емес нәрсені қалдыруды үйрендік", - деп бөлісті zypl.ai-дың басшысы - Азизжон Азими.
Әзірбайжандық Тripsome стартапы шағын бизнеске ойын-сауық шараларды онлайн брондау арқылы сатуға көмектеседі. Олардың мақсаты - адамдарға өмірдегі бақытты сәттерді құрып, оларды ұмытылмас естелітерге айналдыруға шабыттандыру.
«Бағдарламаның алғашқы екі аптасында біз Қазақстанда 1 қызметкерімді жұмысқа тұрғызып, платформамызға қосылу туралы 5 оператормен келістік, Осы аптада келісімшартқа қол қоямыз. Қазірдің өзінде 200-ге жуық әлеуетті операторды анықтадық. Іске қосу 2 аптадан кейін болады және бізде келісім - шарттар жасасқан 20-дан астам оператор болады деп үміттенемін. Жалпы сы жерде Қазақстанда жұмыс істейтін боламыз", - дейді CEO Tripsome Жасұр Гасанов.
Жалпы нәтижелерден басқа, стартаптар бағдарламаға қатысудан алған әсерлерімен бөлісті. Қырғызстаннан шыққан жалғыз жоба - "NB Fit" стартабы - әйелдерге функционалдық 3D фитнес көмегімен денсаулығын жақсартуға көмектесуге бағытталған.
СЕО мен стартаптың негізін қалаушы Сырға Тілекова өз әсерімен бөлісті: "Бағдарлама біздің күткенімізден де асып түсті. Біз тәжірибелі менторлармен және трекерлермен жұмыс істейміз сонымен бірге өршіл және болашағы зор стартаптардың қатарында болуға қуаныштымыз. Менің ойымша, бұдан әрі қызықты болады. Акселерация аяқталғаннан кейін біз жетілген стартап болатынына сенімдімін".
"Кездесулер әр сенбі сайын өтеді. Апта сайын біз мақсаттарымызды және үдерістің қалай жүріп жатқанын талқылаймыз. Тәжірибелі жаттықтырушылар нәтижеге жету туралы кеңестер береді. Шетелдік стартап ретінде бұл жерде Astana Hub - та болу - біз үшін үлкен ғанибет", - деп өз ойымен Моңғолиядан келген Fibo Cloud (бұлтты кеңес беру саласында жұмыс істейді) стартабының басшысы - Пуревбазар Пуревджав бөлісті.
Айта кетейік, Silkway Accelerator бағдарламасының екінші ағынына қатысуға өтінімді сілтеме бойынша беруге болады - https://astanahub.com/l/silkway-accelerator.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін