NeuronOil: Қазақстандық заңгер геология мен энергетикада төңкеріс жасамақ
Қазақстанда геология мен энергетикада жаһандық революция басталуы мүмкін. Бұл әзіл де, асыра сілтеу де емес. NeuronOil стартап командасы әзірлеген аналитикалық жүйе мұнай-газ секторындағы бұрғылау және геологиялық-техникалық шараларды таңдау табыстылығын 60%-дан 95%-ға дейін арттыруға көмектеседі. Ал бұл осы салада ондаған миллиард доллар үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ мұның өзі энергиядағы нақты төңкеріс ықтималдығымен салыстырғанда әлсіз. NeuronOil компаниясының жетілдірілген алгоритмі мен формуласы теориялық тұрғыдан ғасырлар бойы өркениетіміздің негізгі энергетикалық ресурсына айналуы мүмкін табиғи сутекті іздеуді бастауға мүмкіндік жасайды.
Қазақстандық қарапайым заңгер, NeuronOil компаниясының негізін қалаушы Асылан Жұмағалиев ER10 Media редакциясына бизнестегі жолы, мұнай-газ саласының консерватизмі және алғашқы шетелдік жобалары туралы айтып берді:
«Ақтауда геологпен бір дастархан басында отырған едім. Оған жұмысындағылар хабарласып, көңілін түсірді. Мен одан не болғанын сұрай бастадым. Ол «барлау ұңғымасы бос болып шықты» деп жауап берді. Содан әңгімелесе бастадық. Мұнай-газ саласындағы барлаудың қолданыстағы технологиялармен табыстылығы 50-60% екені белгілі болды. Кәсіпорын 10 ұңғыма бұрғылайды, оның 5-6-сында мұнай немесе газ болса, бұл тамаша нәтиже болып саналады. Ол жерден табылған ресурстар геологиялық барлау шығынын өтейді. Ал «құрғақ» ұңғымаларды бұрғылау шығын ретінде есептеледі. Бұл дегеніміз – желге кеткен миллиондаған доллар ақша. Cол кезде әлгі геологпен пікір таластырдық. Себебі бұл маған қисынсыз болып көрінді. Мұнай компанияларының ақшасы жеткілікті ғой, олар шығынды азайту үшін жақсы технологияларды дамыта алмай ма? Сөйтсем бәрі «қалыптасқан» стандартпен келісіп, ешкім ештеңені өзгертуге тырыспаған екен.
Бұл мәселені неге шешпеске деп ойладым. Мен осы мәселе жөнінде ақпарат қарап, әдебиеттерді оқи бастадым. Қолданыстағы технологиялар мен тренажерларды зерттедім. Геологтар аумақтарды беті бір гектар болатын текшелерге бөледі екен. Осылайша, олар осындай үлкен аумақтан бір ұңғыманы кездейсоқ бұрғылайды деуге болады. Мен бұл технологияны жақсартуға болатынын түсіндім. Кейін бір мақаладан теориялық тұрғыдан есептеу бірлігін текше ретінде емес, ұңғыма байланысы ретінде алуға болатынын оқыдым. Есептеулерді басқа жолмен жасауға болатынын түсінгенім мені мәселені одан әрі түсінуге итермеледі. Шынында да, егер бір технология өзінің шегіне жетсе, онда жаңа нәрсені қолдану керек».
— Сіздің өніміңіздің негізгі идеясы қандай?
— Біз тарихи, геологиялық және басқа да деректерге сүйене отырып, бұрғылау және геологиялық-техникалық шараларды таңдау дәлдігін 95%-ға дейін арттыруға болатын алгоритм мен формулаларды әзірледік. Әр ұңғыманы бұрғылау 1 мен 15 миллион доллар аралығында тұратынын ескерсек, компаниялар қанша ақша үнемдей алатынын елестетіп көріңіз.
Жоғары дәлдікке басқа есептеу бірлігі – текше емес, ұңғыма болғандықтан қол жеткіздік. Шартты түрде виртуалды бұрғылау қондырғысын кен орнының кез келген нүктесіне «орналастырып», сол жерде көмірсутек табу ықтималдығын есептей аламыз. Сұйықтың пайызын есептеп, су мен майдың көлемін бағалай аламыз, — деді Асылан Жұмағалиев, NeuronOil компаниясының негізін қалаушы.
Толығырақ er10.kz сайтынан оқуға болады.
Пікірлер 4
Кіру пікір қалдыру үшін
Lain Iwakura · Қар. 21, 2024 14:31
cool!
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 11:31
👍
Александр Цой · Қар. 20, 2024 15:47
👍
Abylay Allamurat · Қар. 16, 2024 02:05
👍🏻