No-сode деген не және оның көмегімен қалай ақша табуға болады?
Онлайн-дүкен, веб-сайт немесе мобайл қолданбаны кодтың көмегінсіз жасауға болады. No сode school тегін онлайн курсына қатысып, сіз де стартап авторы атана аласыз. Қазақстанда ноукодерлердің қалай табыс табатынын Astana Hub білім беру бағдарламалары офисінің бас менеджері Дәулет Беймурзинов айтып берді.
– Дәулет мырза, кодсыз бағдарламаудың көмегімен қандай ІТ-өнімдер жасауға болады?
– Қоғамда ІТ саласын көбі кодпен байланыстырады. Веб-сайт пен мобайл қолданбаны бағдарламалаусыз да құруға болады. No-code дегеніміз – хайп немесе ІТ-маманның жұмысын жоққа шығару емес. Бұл — 2000 жылдары басталған бағдарламауды жеңілдету тәсілі. No-code құралдарының түрі көп. Бұл саланың мүмкіндіктері жылдан-жылға артып келеді. Әрбір no-code белгілі бір өнімді жасауға арналған. Оның көмегімен маркетплейстер (онлайн-дүкен), веб-сайт және мобайл қолданбаның сан түрін оңай әрі тез жасауға болады.
– No code school курсына кімдер қатыса алады?
– Курсқа қатысушыларға ешқандай шектеу жоқ. Болашақ стартап негізін қалаушылар мен фрилансерлерге, продакт-менеджерлерге пайдалы болады деп ойлаймыз.
– Өтініш қалдырған қатысушылар іріктеле ме? Курсқа тегін қатысу үшін ІТ саласында базалық білім қажет пе?
– Курс онлайн болғандықтан арнайы іріктеу жүргізілмейді. Қандай да бір базалық білімді де талап етпейміз. Astana Hub білім беру платформасында онлайн өтетді, қатысушылар курс материалдарын өздеріне ыңғайлы уақытта ашып, меңгере алады. Курсқа қатысу үшін арнайы қолданба, браузер орнатудың да керегі жоқ. Курс материалдары орыс тілінде дайындалған. Кейін курс авторларымен Q-A сессиясы өтеді. Қатысушылар ZOOM-дағы топтық кездесуде сұрақ қойып, жеке жобалары бойынша кеңес ала алады.
– Курс қанша уақытқа созылады және қатысушылар қандай дағдыларды меңгеріп шығады?
– Курс онлайн болғандықтан әр қатысушы уақытын өзі жоспарлай алады, бірақ біз кемінде екі ай оқуға кеңес береміз.
– No сode school командасында қандай мамандар жұмыс істейді?
– No сode school командасында жоғары дәрежелі мамандар жұмыс істейді. Барлығы еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарын бітірген. Олар жаңа нәрсені үйренуден жалықпайды. Команда мүшелерінің креатив және ашық болуына назар аударамыз.
Спикер ретінде Product Star компаниясының негізін қалаушы, ВК, Яндекс компанияларының мультимедиа директоры, Skyeng x-CPO (өнім директоры) Михаил Карпов, Product Star компаниясының оқыту бөлімінің директоры, украиналық онлайн-премиум стилисттер онлайн мектебінің әзірлеушісі Александр Соловьев қатысады.
Cyberband Agency — no-code әзірлеу агенттігінің тілтанушысы Кирилл Петров та бар. Ол IBM-дегі ex Strategy Consultants, банкинг және энергетикалық сектор саласындағы жобалармен айналысқан және Ex Product Owner Ақылдылықта (Umnazia.ru), «Қаржы сауаты», «ЭИ», «Қаржы сауаты бойынша репетиторлар» өнімдерін жасауға қатысқан. Банктің digital стратегиясын әзірлеумен айналысқан жаттықтырушы-оқытушы Артур Шинкаревті де осы жобаға тарттық.
– Astana Hub-та бұрын да кодсыз бағдарламау курсы өткен екен. Оның нәтижесі қандай болып еді?
– Astana Hub-тың білім беру бағдарламаларына қатысушылар саны көбейіп келетіні қуантады, бірақ идеядан өнімге дейін жете алатын қатысушылар аз. Бұл мәселені шешу үшін Astana Hub командасы 2020 жылы алғаш рет инкубация бағдарламасы аясында 60-тан астам қатысушыға бір айлық Bubble инструменті бойынша курс өткізді. Курс соңында Demo Day аясында 10 қатысушы өзінің тек идеясын емес, стартап жобасының бірінші прототипінің демонстрациясын жасады. Осыдан кейін No сode school жобасын жүзеге асыру идеясы пайда болды.
– Қазақстан нарығында ноукодинг арқылы табыс табуға бола ма?
– Әрине, болады. Қазірдің өзінде көптеген стартап авторлары no-code инструменттерін белсенді қолданып жатыр. Үш апталық курста кодсыз бағдарламалау құралын үйреніп, төрт айдан кейін no-code арқылы өзінің алғашқы 1 000 долларын тапқан мамандар бар. Astana Hub no-code қауымдастығы арасында Диас Жұмағалиев деген өте белсенді қатысушы бар. Ол Lili зергерлік дүкені үшін Lili CRM жүйесін жасады.
Көп компанияның веб-сайтын зерттеп қарасаңыз, «Made on Tilda» деген белгіні кездестіресіз. Tilda дегеніміз қазіргі кезде оңай және көп таралған no-code инструменттерінің бірі, яғни ондай landing page no-code инструменті арқылы жасалған.
– Ноукодингті нақты қандай өнімдер жасағанда қолдануға болады?
Нарықта отандық no-code инструменттері де көбейіп жатыр, оның бірі — AppMaster.io. Веб-сайттар мен интернет-дүкендерді кодсыз құруға арналған WebFlow платформасы да танымал. Glide көмегімен Google, Excel немесе Airtable кестелеріне негізделген бағдарламалар мен веб-сайттарды құруға болады.
Bubble — веб-қосымшаларды, базарларды және CRM-ді кодсыз құруға арналған платформа. Integromat көмегімен барлық backend-ді бірыңғай кодсыз автоматтандыруға болады. App Store және Google Play-де жариялауға болатын мобайл және веб-қосымшаларды құру платформасы Adalo деп аталады. Курста осының бәрін үйреткіміз келеді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін