Жаңа көкжиектер: Қазақстан өңірлерінде GameDev орталықтарының ашылу салтанаты

Astana Hub пен OMNIUM бастамасымен Қызылорда және Қостанай облыстарындағы өңірлік IT-хабтар базасында GameDev орталықтары ашылды. Бұл орталықтар компьютерлік графика (CG), ойын әзірлеу (GameDev), виртуалды (VR) және кеңейтілген шындық (AR) технологиялары саласындағы зерттеу мен білім беру қызметіне бағытталған.


Gamedev – әлем бойынша ықпалы мен қарқыны артып келе жатқан индустрия. Бұл сала Қазақстан IT-экспорты бойынша ТОП-3 бағытқа кіреді. Сол себепті, Astana Hub геймдевті тек мегаполистерде ғана емес, өңірлерде де дамытуды көздейді. Бұл орталықтар ойын индустриясы мен VR/AR технологиясы бойынша стартаптарды оқытып, оларға қолдау көрсету үшін жағдай жасайды. Сондай-ақ қазақстандық GameDev-қауымдастығы басын қосады. Олар әлемдік үрдістерді қадағалап, бірегей өнімдерді жарыққа шығарады. Осылайша, индустрияның Қазақстан көлемінде дамуы үшін білім беру экожүйесін құруға ден қояды.

«Қазақстан өңірлерінде геймдев-индустрияны дамыту – еліміздің технологиялық экожүйесін нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам. Аймақтық хабтар талантты жастарға ойындағысын жүзеге асырып, заман талабына сай қадам жасауы үшін барлық жағдайды ұсынады. GameDev-ті қолдап, біз қазақстандықтар алдында жаңа көкжиектер ашамыз, инновацияларды ынталандырып, өңірлердің экономикалық өсуіне үлес қосамыз», - деді Аида Дусова, Astana Hub Өңірлік даму офисі директоры.

Қазақстанда Playrix, Mytona, Nexters пен G5 Games сияқты ірі әлемдік геймдев-компаниялары кеңселері жұмыс істейді. Сонымен қатар салада Car Parking Multiplayer, She Sees Red, Madout Games және BLOCKPOST Mobile секілді «Made in KZ» жапсырмасы бар ойындар табысты дамып келе жатыр. 2022 жылы Astana Hub базасында аталған компаниялар қолдауымен және OMNIUM білім беру орталығымен әріптестікте GameDev Center жұмысын бастады.

«Соңғы 2 жылда Astana Hub-пен бірлесіп, Қазақстанда GameDev-ті дамыту стратегиясын құрдық. Кәсіпқойлардың басын қосып, 10-нан астам стартапты оқытып, ірі ойын студияларымен байланыс орнаттық. Енді осы тәжірибені өңірлерде іске асыра бастаймыз», - деді Лев Тарасов, OMNIUM Kazakhstan бас директоры.

Орталық тәжірибесін аймақтарда насихаттау үшін бастама ретінде UNICEF және GameLab KBTU қолдауымен Level Up курсына оқыту жүргізіледі. Бұл білім беру курсы ойын дизайны, әзірлеу және геймификацияда қажет негізгі дағдыларды ұсынып, барша ниет білдірушіні оқытады. Level Up – UNICEF-тің STEAM (ғылым, технология, инженерия, шығармашылық және математика) саласындағы жаһандық бастамасының бір бөлігі.

 GAMEDEV-ті өңірлерде дамыту бастамасы ҚР Цифрлық даму министрлігі мен орталықтарға құрал-жабдықтар ұсынған Mytona және әлемдік ойын индустриясының жетекші компаниялары қолдауымен іске асырылып келеді.

Бүгінде Astana Hub қатысушылары арасында ойын әзірлеу саласы қарқынды дамым жатыр. 60-тан астам қатысушы - ойын құрастырушы, сондай-ақ VR/AR технологиясын құру, 3D модельдеу және басқа да ойын компоненттерін ұсынатын аутсорс компаниялар санатында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында инновациялық экожүйені кеңейту және Astana Hub тәжірибесін масштабтау маңызын атады. Ел өңірлерінде GameDev орталықтарын дамыту инновациялық өнімдерді құруға және интерактивті технологияларда мамандар даярлауға ықпал етіп, әлемдік ойын индустриясындағы Қазақстан позициясын нығайтады.

Пікірлер 4

Кіру пікір қалдыру үшін

а как скоро планируются meet up или конференции по обмену опытом, было бы очень интересно

Жауап беру

Открытие GameDev центров в регионах Казахстана – важный шаг в развитии технологической экосистемы страны. Инициатива Astana Hub и OMNIUM создаст новые возможности для обучения, поддержки стартапов и роста игровой индустрии, укрепляя позиции Казахстана в мировом IT-экспорте и инновационных технологиях.

Жауап беру

Класс

Жауап беру