Astana Hub қауымдастығына қосылып, жаңа мүмкіндіктерді ашыңыздар

Astana Hub платформасындағы «Комьюнити» бөлімінде инвесторды, серіктесті, IT-маманды, сондай-ақ тағылымдама өту үшін компанияны табуға болады. Мұнда компаниялар мен стартаптар базасы үнемі толықтырылып отырады.


Жеке карточкаларды толтырған әрбір жоба технопарк қауымдастығының қатысушысы болады. Бұл стартаптарды инвесторлар мен серіктестер тану үшін же, қызықты жобаларды іздейтін инвесторлар үшін де ыңғайлы. Бұл үшін «Комьюнити» бөліміне кіріп, карточка толтыру қажет.

Бөлімнің ыңғайлы интерфейсі бар: сүзгі көмегімен компанияның және стартаптың қызмет саласын таңдап, қажетті ақпаратты тез табуға болады.

Мысалы, Astana Hub платформасында Admitted стартапы жобасының тең құрылтайшысын тапты.

«Біздің жоба 2021 жылдың желтоқсанында құрылды. Біз студенттерге шетелдік жоғары оқу орындарын таңдау алгоритмін құру бойынша жұмыс жасаймыз. Комьюнитиде бағыт бойынша бізге жақын Oquda жобасын көрдім, енді әріптестерміз», - деп Арсен Қылышбек, компанияның негізін қалаушысы өз тәжірибесімен бөлісті.

«Комьюнити» бөлімі сіздерге де пайдалы болуы мүмкін. Жобаңыз туралы карточкаларды толтырып, Astana Hub қауымдастығының бір бөлігі болыңыз.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

🔥🔥🔥

Жауап беру

👍🏻👍🏻👍🏻

Жауап беру