Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз

Достар, бүгін еліміз алғаш рет Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнін ресми түрде атап өтуде! 


Жаңа кәсіби мерекенің пайда болуына Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды. 

Цифрлық трансформация – халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. 

Барлық сала қызметкерлерін мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге кәсіби өсу мен жобалардың қарқынды дамуын тілейміз. 

Сіздің еңбектеріңіз Қазақстан экономикасының дамуына баға жетпес үлес қосуда!

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін