Словения Республикасының Президенті Astana Hub-қа сапармен келді

Словения Республикасының Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапары барысында халықаралық Astana Hub технопаркіне келді.


Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәртебелі мейманға технопарк бойынша экскурсия жүргізіп, Astana Hub-тың құрылымы мен негізгі бағыттарын таныстырды.

Президентпен бірге келген делегация құрамында Словения Республикасының Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы және еуропалық істер министрі, Словенияның Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы Елшісі, сондай-ақ елдің Президент әкімшілігі мен сыртқы саясат ведомствосының өкілдері болды.

Қонақтар Tomorrow School жасанды интеллект мектебінің жұмысымен танысты. Еске сала кетейік, бұл – Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі. Ол Astana Hub базасында, француз бағдарламашысы әрі педагог Николя Садирак әзірлеген 01 Edu платформасында жұмыс істейді. Мектеп студенттері 50-ден астам жобаны меңгеріп, Golang, Rust, JavaScript, Python сияқты 20-дан астам бағдарламалау тілін игереді. Оқу соңында студенттер жасанды интеллект инженері, бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі, фулстек-әзірлеуші, мобильді қосымшаларды әзірлеуші және басқа да бағыттар бойынша мамандануға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар делегацияға inDrive, Damumed және «Қазақстан Ғарыш сапары» секілді жетекші IT-компаниялардың қызметі таныстырылды. Компания өкілдері өздерінің жұмысы, негізгі жетістіктері және Қазақстан мен шетелдерде жүзеге асырылатын инновациялық жобалары туралы баяндады.

Айта кетейік, Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі технопарк, оның қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құруға және дамытуға, ІТ-мамандарын дайындап, стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1600-ден астам IT-компания тіркелген, оның ішінде 425-тен астамы – халықаралық компания. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық шарттар, ақпараттық-білім беру, материалдық инфрақұрылым және тағы басқа қолдау көрсетіледі.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

THE BEST WAY TO RECOVER YOUR LOST FUNDS // CONTACT THE HACK ANGELS You can recover bitcoin and other cryptocurrency with the help of THE HACK ANGELS. Some people may be indebted but naturally you can. I was a victim of losing login to my Bitcoin wallet, at the end I became victorious. These people are amazing and extremely professional! I contacted them when I lost the login to my Bitcoin wallet. It took them 48 hours to recover my Bitcoin Wallet because I didn't have the complete information. They have assisted numerous clients in getting their bitcoin back, they are a team which specializes in recovering a wide range of digital assets including Ethereum, stable coins, and other various cryptocurrencies. I highly recommend their services to anyone out there. Email: support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com WhatsApp +1(520)200-2320 I hope this information reaches someone truly in need of it.

Жауап беру

Успех таких инициатив, как Astana Hub и Tomorrow School, может значительно повысить конкурентоспособность страны на международной арене и привлечь новые таланты и инвестиции, мое мнение

Жауап беру