Tsarka, Clockster, Cerebra және Dixi стартаптары Тәжікстан Елшісіне өздерінің IT шешімдерін ұсынды
Халықаралық байланыстарды дамыту және стартаптарға шетелде жаңа серіктестер табуға көмектесу Astana Hub-тың маңызды миссияларының бірі болып табылады. Біздің қызметкерлер апта сайын шетелдік делегациялармен кездесіп, технопарк қызметімен таныстырады, ал үздік стартаптар өздерін жариялауға мүмкіндік алады.
Кеше Astana Hub-қа Тәжікстан Республикасының Елшілігінің делегациясы келді. Қонақтар технопаркте ІТ-экожүйені дамыту үшін жасалған жағдайларды: IT-кәсіпкерлік оқыту бағдарламаларын, экспортқа дайындықты және инвестициялық мүмкіндіктерді жоғары бағалады.
Өз жобаларын таныстыру үшін кездесуге стартаптар шақырылды - технопарктің әртүрлі бағдарламаларының қатысушылары: Tsarka, Clockster, Cerebra и Dixi.
Clockster бизнесті дамыту жөніндегі директоры Дәурен Базилов шағын және орта бизнестің жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған шешімін ұсынды. Қолданба жұмыс беруші мен қызметкер үшін қызметкерлердің уақытын қадағалау, іскерлік байланыстар, кестелерді құру, жалақыны есептеу және істер тізімін жүргізу сияқты маңызды міндеттерді шешеді. Бүгінгі таңда Clockster қызметтерін дүние жүзінде 2000-нан астам компания пайдаланады.
Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік қызметтерінің ең ірі провайдері - TSARKA-ны ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс істейтіндердің барлығы бұрыннан естіп келеді. TSARKA киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Алайдар Амиррсейіт компанияның негізін қалаушылар Киберқалқан тұжырымдамасына жаһандық кибердайындық индексін енгізуді талап еткенін және бұл көрсеткіш бойынша Қазақстанды әлем елдері арасында 118-орыннан 31-орынға шығарғанын айтты.
Қонақтарды Cerebra компаниясының дамуы – инсультті бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект және IELTS емтиханына дайындалу үшін Dixi білім беру платформасының идеясы қызықтырды.
– Біздің сапарымыздың алғы шарты – біз қазір халыққа қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша Қазақстанның тәжірибесін зерттеп жатырмыз. Енді технопарк жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып, Тәжікстанның мемлекеттік органдарын қазақстандық стартаптармен бірлескен жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз, - деді Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы және Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзода.
Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізіліп тұрады және IT-стартаптарды мемлекеттік қолдау шараларының бір түрі болып табылады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін