«Біздің стартап идеясы Лондонда пайда болды»
— Өзіңіз туралы айтыңызшы: ІТ саласына қалай келдіңіз?
— Мен Өзбекстанның Қаршы қаласында (Қашқадария облысы; халқы шамамен 270 мың адам) өстім. Ташкентке Президенттік университет — «Жаңа Өзбекстан» оқу орнына, бағдарламалық инженерия (Software Engineering) факультетіне оқуға келдім. Сол жерде OYGUL-дың болашақ кофаундері Нурисломбек Махкамжонхожизодамен таныстым. Екеуміз бірге алғашқы студенттік кеңесті құрдық, бұл — студенттер мен әкімшілік арасында көпір іспетті ұйым. Біз бұл университеттің алғашқы қабылданған тобы едік, сол себепті ол кезде мұндай бірлестіктер әлі жоқ болатын.
Нурисломбек екінші курстың соңында OYTICKET атты табысты стартап жасады. Бұл — Ташкенттегі барлық кинотеатр билеттерін бір жерге жинайтын агрегатор. Жоба тез танымал болды, себебі ол «Барбигеймер» дүрбелеңі кезінде (2023 жылдың жазында екі ірі фильм: «Барби» және «Оппенгеймер» бір мезетте прокатқа шыққан. Интернетте мүлде екі түрлі картинаның бәсекесі туралы көптеген әзіл шықты, оны «Барбигеймер» деп атады — Digital Business ескерт.) пайда болды.
Агрегатор жақсы дамыған соң, Нурисломбек жобаны кеңейткісі келетінін айтты. Ол кезде мен UX/UI-дизайнмен айналысатынмын, сол үшін маған жаңа жобаны бірге жасауды ұсынды.
— Гүл сататын маркетплейске бірден кірістіңіздер ме?
— Иә. Нурисломбек мені екі кофаундер — Темур Касимов пен Асилбек Акбаровпен таныстырды. Маркетплейс идеясы Асилбектен шыққан: ол Лондонда оқиды, бір күні Ташкенттегі қарындасына гүл жібергісі келеді. Бірақ дүкендермен келісу де, төлем жасау да қиынға соғады. Сол кезде Асилбек бұл процесті әлдеқайда жеңілдетуге болатынын ойлайды. Осылайша OYGUL басталды.
Алғашқыда мен UX/UI-дизайнмен айналыстым. Бірақ мұндай стартапта 3-4 айдан кейін дизайнердің жұмысы азая бастайды. Сондықтан мен гүл дүкендерімен келіссөз жүргізу, байланыс орнату сияқты барлық операциялық процесті өз мойныма алуды ұсындым. Бұндай тәжірибем бар еді: студенттік кеңес құрған кезде барлық іс-шаралар мен университет әкімшілігімен байланыс менің мойнымда болды. Осылайша мен басты операциялық менеджер, кейін OYGUL-дың COO-ы атандым.
— Гүл дүкендері көбіне Instagram, Telegram арқылы жұмыс істейді. OYGUL-дың өзгешелігі неде?
— Біз Ташкенттегі көптеген дүкеннің ұсынысын бір жерге жинаймыз, ал сіз бюджетіңізге сай ең тиімді нұсқаны таңдай аласыз. Бұл — біріншіден.
Екіншіден, маркетплейс бүкіл операциялық жұмысты өз мойнына алады: тапсырыс бересіз — болды, сатушыға қайта хабарласудың, статусты нақтылаудың қажеті жоқ. OYGUL тапсырыс жасалған сәттен бастап, гүл жеткізілгенге дейінгі толық процесті бақылап отырады. Үшіншіден, біз сапа мен сервисті басты орынға қоямыз: мысалы, дүкендер көбіне жеткізер алдында букеттің фотосын жібермейді, бұдан түсініспеушілік тууы мүмкін; ал бізде гүлдің суретін жіберу — міндетті талап.
«Бір жылда стартапқа шамамен 8 мың доллар жұмсадық»
— OYGUL-ды іске қосуға кеткен қаржы — алдыңғы стартаптан түскен ақша ма?
— Солай деуге де болады. Негізінде, біз көп қаражат жұмсаған жоқпыз. Ол кезде барлық кофаундерлер университетті аяқтап жатқан, ал адамдар нақты жұмыс тәжірибесін алғысы келді, сондықтан алғашқы команда портфолио үшін бізбен жұмыс істегісі келген мамандардан жиналды.
Негізгі шығын маркетингке кетті. Бір жылдың ішінде шамамен 8 мың доллар жұмсадық, стартап үшін бұл аса көп сан емес.
Қазір командада мені қосқанда 5 адам бар. Мен және Асилбек дүкендермен байланыс пен бүкіл операциялық процесті жүргіземіз, ал тағы үш қызметкер, оның ішінде екі кофаундер — әзірлеушілер.
— Қаржылық моделіңіз қандай?
— Ташкентте ешкім каталогқа орналастыру үшін ақша төлемейді, сондықтан біз сатылған гүл шоғынан комиссия аламыз. Оның көлемі тауар құнына байланысты: 500 000 сумға дейін (21 700 теңге шамасында) комиссия — 20%, баға өскен сайын пайыз азаяды. Бұл көп сатушыны тартуға көмектесті, бүгінге дейін біздің жүйеге 45-тен астам дүкен қосылды. Олардың ішінде шағын дүкендер де, ірі желілер де бар.
Бәсекелестер бар, бірақ олар әдетте прогрессивті шкаласыз жұмыс істейді, сондықтан қымбат гүл шоғына тапсырыс берілген кезде дүкен айтарлықтай ақша жоғалтады.
— Жеткізу қызметін кім атқарады? Такси агрегаторларымен серіктестік бар ма?
— Өзіміздің жеткізу қызметін ашу өте қымбат, сондықтан оны аутсорсқа бердік. Ірі таксопаркпен келісіп, бізге гүлді бүлдірмей жеткізе алатын арнайы жүргізушілерді бөлді. Егер клиент үшін жылдамдық маңызды болса, Яндекс Жеткізу қызметі да бар.
Сонымен қатар сервиске ерекше мән беретін жеткізу қызметімен келісім жасадық. Мұнда адами факторға байланысты жағымсыз жағдайлар болмайды. Мысалы, курьердің көңіл-күйі жоқ болуы немесе асығып, алушыға қыспақ жасауы. Ал гүл тапсыру сәті сыйлықтың маңызды бөлігі ғой?! Сондықтан клиенттің қалауы мен бюджетіне қарай жеткізу сервисі де өзгеріп отырады.
Толығырақ Digitalbusiness.kz сайтында