Astana Hub технопаркі Инвесторлар мектебі мен Invest Day жұмысын қорытындылады

Орталық Азиядағы ірі Astana Hub IT-стартаптар технопаркінде Invest day іс-шарасы өтті


Іс-шараның басты мақсаты — инвестициялық тартымды технологиялық стартаптар мен инвесторлардың басын біріктіру. Үздік жобалар қаржыландыруға ие бола отырып, олжалы болуға мүмкіндік алады.

Invest Day іс-шарасына қатысу үшін Қазақстан, Беларусь, Украина, Литва, Швейцария және Ұлыбритания елдерінен 39 стартап өтінім жіберді. Іс-шара комиссиясы барлығы 11 жобаны іріктеп алды. Іріктелген стартаптар Қазақстан, Украина, Литва, Швейцария, Ұлыбритания елдерінен болды.

Invest Day-ге іріктеуден өткен жобалар тізімі:

iGPSkz — ақылды GPS-трекер;

Blocksport — B2B SaaS платформасы;

PickUp — бөлшек-сауда саласындағы ecommerce платформасы;

Skandy — плагиатты анықтау қызметі;

Yanda.io — cryptocurrency саудасына арналған автоматтандырылған платформа;

MPT PAY Ltd Digital Bank — Еуропа елдерінде шот ашуға көмектесетін жоба;

Foodex24.com — өз қоймасы бар онлайн-жеткізу қызметі;

Party.Space — онлайн ойын-сауық шараларына арналған веб-бейне чат платформасы;

PatentBot — сауда маркаларын бес клик ішінде тіркейтін бот;

Upgrade Plus — бір платформада қолжетімді және сапалы онлайн оқыту қызметі;

S Cube — қауіпсіздікті басқаруды оңтайландыру жүйесі.

Іс-шараға 35 венчурлық инвесторлар, бизнес-періштелер мен қор өкілдері қатысты, оның ішінде Sturgeon Capital, MCI Capital, Acrobator Ventures, Quest Ventures, Fort Ross Ventures, MOST Ventures, Еуропалық бизнес-періштелер қауымдастығы, Central Asian Angel Investors Club, бизнес-періштелердің жеке клубы, "Киров зауыты" ЖАҚ және т. б. қорлардың өкілдері болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ретте Invest Day іс-шарасы екінші рет онлайн режимде өткізіліп отыр. Сондай-ақ, Astana Hub баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша биылғы жылдың қорытындысы бойынша 116 инвестор мен бизнес-періштелерді оқытқан "Школа Инвестора" білім беру курсының түлектері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей, Украина, Ұлыбритания, Нидерланды, БАӘ, Индонезия және т.б. елдерден болған. Барлық іс-шаралар Қазақстандағы бизнес-періштелікті дамытуға арналған «IT BUSINESS-ANGEL» бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. #nbsp;

"Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында бағдарламада 77 инвестор білім алса, екінші жартыжылдықта 39 инвестор түлек атанды. Барлығы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Бельгия, Израиль, Украина, Ресей, Нидерланды және Германиядан 187 өтінім келіп түсті.

Қатысушылар үшін ең басты шарт — меншікті капиталдың болуы, венчурлық қаржыландыру саласында жаңа білімге ұмтылыс пен инвестициялауды бастау ниеті", — деп хабарлайды Astana Hub баспасөз қызметі.

Astana Hub онлайн бағдарлама түлектеріне инвестиция құюда компания таңдауда бағыт көрсетіп, венчурлық инвестициялар нарығында табыс табуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мектеп түлектерінің арасында Марат Толибаев және Амирхан Омаров сынды танымал инвесторлар бар.

"Бизнес-періштелердің инвестициялары инновациялық экожүйені дамытудағы маңызды элемент болып табылады. Бастапқы кезеңдерде олар стартаптарға#nbsp;қолдау көрсетеді, капитал ғана емес, сараптама мен кәсіби саладағы нетворкингті де ұсынады. Сол себепті де, бүгінде бизнес-періштелерді Қазақстанға жұмылдыру және олармен тәжірибе алмасу маңызды. Astana Hub ұйымдастырған “Школа Инвестора” бағдарламасы дәл осы мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі. Осы уақытқа дейінгі бағдарламаның 4 легінде де біз инвестициялық қызмет туралы қажетті ақпаратпен бөлісіп қана қоймай, бизнес-періштелер мәмілелер және тәжірибелерімен бөлісе алатын қауымдастықтың жұмысын нығайта алдық.

Бағдарламаға деген үлкен қызығушылықты байқадық, яғни венчурлық инвестициялауға да сұраныс болды. Сондықтан жақын арада нәтижелі жаңалықтар күтеміз!" — дейді бағдарлама кураторы, Украиналық венчурлық және жеке капитал қауымдастығының (UVCA) CEO-сы Ольга Афанасьева.

Инвесторлар мектебінің спикерлері: Украиналық венчурлық және жеке капитал қауымдастығының (UVCA) CEO-сы және бағдарлама кураторы — Ольга Афанасьева; Monthly Ventures басқарушы серіктесі — Юрий Рабинович; венчурлық инвестор және бизнес-періште — Мурат Абдрахманов; Quest Ventures компаниясының инвестициялық директоры — Ануар Сейфуллин; Veritas Ventures негізін қалаушысы және CEO-сы — Вера Футорянски; Seedstars URU Capital негіздеушілерінің бірі — Джан Сарачолу; Acrobator Ventures бас серіктесі — Бас Годска; инвестор және dogovor24 негізін қалаушысы — Елена Седых; Hype Ventures негізін қалаушысы және серіктесі — Матиас Эклоф; I2BF Global Ventures басшысы — Денис Калышкин.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін