Tomorrow School: жасанды интеллектке тегін үйрететін оқытудың жаңа легіне өтінім қабылданып жатыр

Astana Hub Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі Tomorrow School-дың төртінші легіне өтінімдер қабылдап жатқанын хабарлайды. Оқу 18 жасқа толған барлық ниет білдірушіге қолжетімді. Алдыңғы үш лекке 503 адам іріктеліп, олардың 77-сі негізгі оқуды бастады.


Тіркеу 2025 жылдың 6 наурызына дейін ашық: https://tomorrow-school.ai/kz

Іріктеуде жоғары нәтиже көрсеткен аймақ студенттерінде негізгі оқу барысында Астанада тұруға арналған жеңілдетілген мүмкіндік бар.

Tomorrow School-дағы оқыту 01 Edu платформасында өтеді және дәстүрлі дәрістер мен мұғалімдерді қажет етпейтін инновациялық форматқа негізделген. Студенттер тақырыпты топта меңгеріп, peer-to-peer әдісін қолданады. Бұл IT саласындағы нақты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Tomorrow School-да білім алу ерекшеліктері:

  • Мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ – оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген;
  • Барлық студентте Астана қаласындағы Astana Hub технопаркі алаңында соңғы үлгідегі iMac компьютерлерінде оффлайн форматта тегін оқу мүмкіндігі бар;
  • Мектеп тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді, студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құрады;
  • Оқуға түсу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді.

Студенттер мамандық бағытын таңдай алады:

  • Жасанды интеллект инженері
  • Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші
  • Фулстек әзірлеуші
  • Мобильді қосымшалар әзірлеуші
  • DevOps инженері
  • IT-жүйелер архитекторы
  • Киберқауіпсіздік маманы
  • Бейнеойындар әзірлеуші

Tomorrow School – Astana Hub-тың 01 Edu платформасында инновациялық peer-to-peer оқыту жүйесін пайдаланатын бірегей жасанды интеллект мектебі. Бұл жүйені білім беру саласында әлемге танылған жаңашыл педагог Николас Садирак әзірледі. Мұндай бағдарламалар бойынша оқыған түлектердің 90%-дан астамы курсты аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасып, әдістің тиімділігін айшықтаған.

Толық ақпаратты https://tomorrow-school.ai/kz сайтынан табуға болады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін