Astana Hub Techpreneurs бағдарламасының қатысушылары өз нәтижелері жайлы айтты

Astana Hub-те Techpreneurs бағдарламасы аясында жобаларын дамыту мүмкіндігіне ие болған стартаптар акселератордағы жетістіктерінің нәтижелерімен бөлісті. Қатысушы компаниялар кәсіптерін толыққанды бизнес деңгейіне көтеріп, сату көлемін 100%-ға арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, шетелдік нарыққа – АҚШ, БАӘ, Португалия, Ресей және Түркияға шықты.


Мысалы, Investroom стартапы акселерация кезінде краудлендинг платформасын іске қосып, сату көлемін 13 миллион теңгеге дейін арттырды және 12 жаңа жұмыс орнын ашты. Клиент-сервер жобаларына, JavaScript сервер модульдеріне және жасырын SQL басқаруына бағытталған Sekura кодсыз платформасы MVP кезеңіне көшті және сатылымын 100% арттырды.

Акселерациялар кезінде MVP-ден scale деңгейіне көштік, сатылымдарды 13 есеге арттырып, 25 жаңа жұмыс орнын аштық. Сондай-ақ АҚШ, БАӘ, Португалия және Ресей нарығына шықтық», - деді WeLoveFlutterFlow жобасының бас директоры Дамир Вали. Бұл стартап клиенттерге өз мақсаттарына жетуге көмектесетін цифрлық өнімдерді әзірлейді.

DauysKit жобасын әзірлеушілер Techpreneurs кезінде MVP кезеңіне өткенін, сату көлемін 20%-ға арттырып, 2 жаңа жұмыс орнын құрып, Түркия нарығына шыға бастағанын атап өтті. Өнім - дауыстық және мәтіндік SAAS/PAAS қызметтерін, STT/TTS байланыс орталығын автоматтандыруды, сапаны бақылауды және көптеген басқа NLU жағдайларын жасауға арналған сөйлеу аналитикасының технологиясы. Модель қазақ, орыс және аралас тілді таниды.

IP-LIFT тұрғын үй кешендеріндегі лифттерді басқаруды және шлагбаумдарды іске қосуды автоматтандыру стартапы акселератор аясында MVP кезеңіне өтіп, алғашқы сатылымға қол жеткізіп, сатылымдарды 25%-ға арттырып, 5 млн теңге көлемінде инвестиция тартты. Сондай-ақ криптовалюта құрылғыларының өндірісімен айналысатын I VIZOR жобасы MCI сатысынан Language/Market Fit-ке көшті, алғашқы 200 сатылымын жасап, 4 жаңа жұмыс орнын ашты. Ал объектілердің қашықтығын анықтап, таққан адамға қауіп туралы ескертетін WCBYE смарт білезігін жасаушылар MVP кезеңіне өтіп, 5 жаңа жұмыс орнын ашып, қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетейік, Techpreneurs – бұл барлық кезеңдегі стартап-жобаларға үздіксіз қолдау көрсететін бағдарлама. Стартап жобаларына треккинг, оқу семинарлары, жеке кеңестер және Astana Hub-тың басқа да қызметтері ұсынылады.

Бағдарлама резиденттер үшін ғана емес, басқа елдерден келген қатысушылар үшін де тегін және Қазақстан үкіметінің қолдауына ие.  Сонымен қатар бағдарлама қатысушылары салық жеңілдіктеріне, жеңілдетілген визалық тәртіпке және Astana Hub инфрақұрылымына қол жеткізе алады. Techpreneurs бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты сілтемеден табуға болады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін