Орталыққа бару барысында Мемлекет басшысына Президенттің технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті Қазақстан құру жөніндегі стратегиялық бағытын көрсететін негізгі жобалар таныстырылды. Президент AI-Driven Government жобалық кеңсесінің жұмысымен, Astana Smart City қалалық басқаруына жасанды интеллект енгізу шешімдерімен, сондай-ақ жаңа AI Research University зерттеу университетінің тұжырымдамасымен танысты. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев TUMO Astana креативті технологиялар орталығы мен жасанды интеллект саласында адами капиталды дамытуға бағытталған бірқатар бастамалардың ресми іске қосылуына бастамашы болды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Президентке орталық жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндады. alem.ai Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы маңызды элементке айналып, Қазақстанның өңірдегі технологиялық көшбасшылардың бірі ретіндегі позициясын нығайтады.
alem.ai-де ЖИ экожүйесін дамытудың бірыңғай логикасы құрылған, соның ішінде таланттарды ерте анықтау мен сүйемелдеуден бастап стартаптарды іске қосуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және дайын шешімдерді ауқымдауға дейін. Орталық жыл сайын 10 мың адамды қамтуға қабілетті, оның ішінде 5 мың оқушыға технологияларға тереңдетілген білім береді. Мұндай тәсіл Қазақстанға жаһандық кадр сұранысына жауап беріп қана қоймай, жаңа буынның зияткерлік капиталын өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Білімді нақты экономикалық ресурсқа айналдыру бизнес акселерациясы арқылы жүзеге асырылады. Стратегия жыл сайын 100-ге дейін инновациялық стартапты іске қосуды көздейді. Осылайша, alem.ai бүкіл өңірдегі әзірлеушілер мен кәсіпкерлер үшін негізгі орталыққа айналады. Оқыту мен практикалық енгізуді біртұтас жүйеге біріктіре отырып, Қазақстан ЖИ-инновациялар картасындағы жетекші ойыншы ретіндегі рөлін нығайтып, жоғары технологиялық шешімдерді экспорттауға қабілетті ел ретінде қалыптасады.
Сапар аясында Astana Smart City жобасының ресми іске қосылуы өтті. Бұл Presight компаниясы мен Астана қаласының әкімдігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан ауқымды бастама. Presight компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам Мемлекет басшысына шешімнің архитектурасын таныстырды, оның негізгі компоненттері бүгінде сәтті жұмыс істеп тұр. Жүйе заманауи ситуациялық орталықты, интеллектуалды бейнеталдау технологияларын және мегаполис қажеттіліктеріне арнайы жобаланған деректер орталығын қамтиды. Жобаға ресми түрде бастау бере отырып, Президент оның елорданың цифрлық трансформациясы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Қалалық сервистерді бірыңғай ЖИ-платформаға біріктіру нақты уақыт режимінде басқаруды қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін және қалалық инфрақұрылымның тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Президентке қалалық басқаруда ЖИ шешімдерін қолдану жобасы ұсынылды. Presight.AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам Astana Smart City аясындағы жобаларды таныстырды. Бұл жаңа буындағы зияткерлік қалалық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама. Жоба негізгі қалалық жүйелерді бірыңғай AI-платформаға біріктіріп, нақты уақыт режимінде басқаруды және қалалық сервистердің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Astana Smart City жасанды интеллектті қала деңгейінде қолданудың нақты үлгісін көрсетіп, жекелеген цифрлық шешімдерден «ақылды» әрі тұрақты дамудың кешенді моделіне өтуді айқындайды.
Сапар аясында Мемлекет басшысы білім беру бастамаларын іске қосуға қатысты. Президент тапсырмасы бойынша 2024 жылы Астана қаласында Astana Hub базасында Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылып, бүгінде бүкіл ел бойынша кеңейтілуде. Телемост форматында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің 14 өңірінде Tomorrow School желісін іске қосты.
Tomorrow School Alem.ai Foundation тарапынан Astana Hub және alem.ai орталығы экожүйесінде 01 Edu халықаралық платформасы негізінде жүзеге асырылуда. Мұндағы оқу толықтай тегін және 18 жастан асқан барлық азаматтарға, соның ішінде IT саласына жаңадан келгендерге қолжетімді. Peer-to-peer моделі білім алушылардың дербестігін, командалық жауапкершілігін және цифрлық экономикада сұранысқа ие практикалық дағдыларын қалыптастырады. Бүгінгі таңда 21 618 өтінім қабылданып, 12 іріктеу кезеңі өткізілді, ал 418 студент Астанада негізгі оқу курсын бастады. Қазіргі уақытта Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай облысы мен Шымкент қаласында кампустарды іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Жыл соңына дейін жоба елдің барлық өңірінде жұмыс істейтін болады.
Сапар барысында Президент TUMO Astana креативті технологиялар орталығын да ашты. Орталық 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған және генеративті жасанды интеллекттен бастап бағдарламалау, анимация, робототехника, 3D модельдеу, ойын әзірлеу, веб-әзірлеу, киноөндіріс және цифрлық музыка сияқты 11 бағытты қамтиды. Жоба мектеп бітіргенге дейін дайын цифрлық өнімдер портфолиосы бар жаңа буын жасаушыларын қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта alem.ai орталығында 1300 бала білім алып жатыр.
Бұл білім беру тізбегінің логикалық жалғасы ретінде AI Research University құрылады. Университет тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек таныстырды. Университет alem.ai базасында орналасады және студенттер alem.cloud, AlemLLM және Astana Hub ресурстарын қоса алғанда, ұлттық ЖИ инфрақұрылымына қол жеткізе алады. Оқуды бастау 2026 жылғы 1 қыркүйекке жоспарланған.
Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев alem.ai battle жасанды интеллект саласындағы ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Байқау Қазақстанның түкпір-түкпірінен мектеп оқушыларын, студенттерді, стартаптар мен зерттеушілерді біріктіріп, AI-жобаларды прототиптен дайын технологиялық шешімдерге дейін дамытуға мүмкіндік берді. Барлығы 827 өтінім түсіп, финалға 20 команда шықты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды:
AI Young Talents - SuGuard жобасы, глюкоза деңгейін инвазивті емес анықтау жүйесі;
AI Driving Power - Ustaz AI, мұғалім жұмысын автоматтандыруға арналған шешім;
AI Innovators - Robio, ісіктер параметрлерін анықтауға және ерте диагностикаға арналған ЖИ негізіндегі диагностикалық қолғап;
AI Future Builders - NCSpeech стартапы, ЖИ модельдерін оқытуға арналған сапалы деректерді жинау және қалыптастыру сервисі.
Мемлекет басшысы сондай-ақ мемлекеттік органдар арасында өткен AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарын алты номинация бойынша марапаттады: «AI Азаматтарға Қызмет», «AI Экономика», «AI Әлеуметтік Саясат», «AI Қауіпсіздік», «AI Өңір» және «AI Квазисектор». Байқауға шамамен 200 өтінім түсті. Жобаларды бағалау жасанды интеллект саласындағы халықаралық сарапшылардың, соның ішінде Кай-Фу Ли мен Питер Норвигтің қатысуымен өтті. Бұл бастама үздік тәжірибелер алмасу экожүйесін қалыптастырып, командалардың дамуын ынталандырады және табысты ЖИ шешімдерін ұлттық деңгейде ауқымдауға мүмкіндік береді.
Жеке маңызды оқиға ретінде Қазақстандағы алғашқы криптотөлемнің практикалық кейсі таныстырылды: елде алғаш рет CryptoPay төлем жүйесі арқылы криптовалюта көмегімен сатып алу бойынша ресми транзакция жүзеге асырылды. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеуші «sandbox» алаңы аясында іске асырылып, инновациялық қаржылық шешімдерді қауіпсіз ортада сынақтан өткізудегі маңызды қадам болды.
Сапар соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары - Астана 2026» халықаралық турниріне кері санақ беріп, alem.ai естелік тақтасына қол қойды. Орталық 2026 жылғы 28 сәуірде келушілер үшін өз есігін ашады. Бұл кеңістік әрбір азаматқа Президенттің жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы бастамаларының нақты инфрақұрылымға, жаңа білімге, заманауи сервистер мен болашақ мүмкіндіктерге қалай айналып жатқанын көруге мүмкіндік береді.
—
Анықтамалық ақпарат (қабаттар бойынша):
alem.ai бір кеңістікте қоғамдық, білім беру, кәсіпкерлік, зерттеу және мемлекеттік құрылымдарды біріктіреді.
1-қабат - баршаға ашық кеңістік және alem.ai-дің визиттік картасы. Мұнда келушілер жасанды интеллектпен, Astana Hub экожүйесімен және технология саласындағы даму мүмкіндіктерімен таныса алады.
2–3 қабаттар - TUMO Astana креативті технологиялар орталығы, 12–18 жас аралығындағы оқушыларға арналған білім беру алаңы. Мұнда бағдарламалау, робототехника және басқа да креативті технологиялар оқытылады.
4-қабат - Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы Tomorrow School жасанды интеллект мектебі.
5-қабат - терең сараптама мен зерттеулер кеңістігі. 2026 жылғы мамырда екі негізгі орталық іске қосылады: Apple Training Center - халықаралық стандарттарға сай таланттарды даярлайтын Apple ресми оқу орталығы; GameDev Center - Playrix компаниясымен бірлескен ойын индустриясы орталығы. Сондай-ақ, жасанды интеллект саласындағы зерттеулерге толық бағытталған жаңа форматтағы AI Research University осында орналасады.
6-қабат - AI-кампус. Мұнда ЖИ-стартаптарды қолдау, озық технологияларды дамыту және кәсіпкерлік экожүйені қалыптастыру көзделген. Негізгі құрал - AI’preneurs акселераторы. Бағдарлама ЖИ-стартаптарға арналған. 2024 жылдан бері үш ағын өткізіліп, 1400-ден астам өтінім қабылданып, 35 стартап іске қосылды. Келесі ағын 2026 жылғы мамырда басталады.
7-қабат - ғылыми-зерттеу зертханалары мен Big Tech компанияларының кеңселері. Мұнда ЖИ саласында ғылыми зерттеулер жүргізіліп, инновациялық шешімдер әзірленеді.
8-қабат - AI-Driven Government. Мемлекеттік процестерді талдау, басқару және GovTech шешімдерін қабылдауға арналған ситуациялық орталық.