Astana Hub кадрлық нарық сапасы мәселесін шешетін болады
Әрбір жұмыс берушінің алдында тұрған мәселе — білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Әрбір үміткерге кездесетін мәселе — бұл сұхбаттасуда өзін дұрыс көрсете алмау.
Astana Hub халықаралық технопаркі кадрлық әлеует мәселесін шешуге бағытталған Beta Career білім беру бағдарламасын іске қосады.
Beta Career — бұл Astana Hub базасындағы 14 күндік қарқынды марафон, онда мансаптық консалтинг пен кәсіби бағдар саласындағы сарапшылар қатысушыларды үздік компанияларға сұхбаттасудан өтуге дайындайды. Бағдарламаға кез-келген адам қатыса алады, мейлі ол колледж, ЖОО түлегі, жұмыс істейтін маман, тіпті тиімді сұхбаттасу деңгейін көтергісі келетін жетекші болсын.
Марафонға қатысушылар үйренеді:
- жұмыс берушіні қызықтыратын сауатты түйіндеме және ілеспе хат құрау;
- дұрыс іскерлік қарым-қатынас құру;
- сәтсіздіктермен жұмыс: әлсіз жақтарды дамытып, мықты дағдылармен жұмыс жасау;
- сәйкес бос жұмыс орындарын тауып, таңдалған лауазымдарға дұрыс өтініш беру;
- сұхбатқа тиімді дайындалу: барлық кезеңдердегі кеңестер мен әдістер;
- ішкі шектеулер мен шеңберлерді жеңу, тәжірибе кезінде бәсекелестіктен, белгісіздіктен, сәтсіздіктерден және тағылымдамадағы қиындықтардан қорқуды тоқтату;
- тайм-менеджментті құру.
Beta Career марафонына қатысушылардың алдында үлкен практикалық жұмыс тұр: мансап жоспарын құру, вакансиялар іздеу және үй тапсырмаларын орындау.
Спикерлер арасында әлемге әйгілі компаниялардың көшбасшылары мен қызметкерлері бар:
- Еркежан Жолдасова, 24goals әлемдік әлеуметтік желі және мансаптық платформаны құраушы. Еркежан 20 жасында Еуропада компания құрып, 8 кәсіпорынды тіркеді (WeBridge LLC және тағы басқалары).
- Елена Львова, халықаралық консалтингтік компанияларда мансап бойынша EP Advisory консультанты (Польша, Чехия және Балтық елдерінде). HR-да 15 жыл жұмыс тәжірибесі бар, оның 6 жылы McKinsey & Company компаниясында;
- Анна Митягина, іскерлік нетворкинг және адамдармен өзара ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынас құру жөніндегі сарапшы; нарық көшбасшылары Александра Белякова мен Алла Клименко қолданған «Онлайн-мектептер мен бизнес клубтарға арналған Нетворкинг және Геймификация» бірегей жүйесінің авторы. Анна нетворкинг бойынша 500 + кеңес өткізді;
- Арман Батаев, EY, ҚМГ БӨ, АЛМЭКС ПЛЮС, АХҚО компанияларында қаржы және аудит саласында 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар қаржы кеңесшісі; «Волковгеология» АҚ және "Заречное" АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі; Қазақстанның миноритарлық инвесторлары қауымдастығының (QAMS) тең құрылтайшысы. 2016 жылдан бастап Арман жергілікті және шетелдік қор нарықтарына инвестиция салады және 5 жылдан астам жеке қаржы бойынша кеңес береді. Finmentor.kz қаржылық және инвестициялық сауаттылық бойынша онлайн білім беру жобасының негізін қалаушы.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін түлектерді әлеуетті жұмыс берушілермен мэтчинг күтеді. Әрбір түлек халықаралық және отандық IT-компаниялар мен стартаптардың тізімін алады, сондай-ақ түйіндемесін тікелей басшыға жіберу және тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға шақыру алу мүмкіндігіне ие болады.
Оқыту толығымен онлайн форматта Telegram платформасында арнайы құрылған арна мен чатта өтетін болады. Курс практикалық тапсырмалар, воркбук және үй тапсырмасы бар бейне дәрістерден тұрады.
Ең белсенді қатысушыларды жағымды бонустар күтеді: еуропалық компанияда тағылымдамадан өту, 24goals-қа жылдық премиум жазылым, сонымен қатар, тәжірибелі HR-мен түйіндемені жеке түзету.
Өтінімдер 2021 жылдың 30 мамырына дейін сайтында қабылданады. Бағдарламаның ұзақтығы — 2021 жылғы 31 мамырдан бастап 15 маусымға дейін.
Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін