Astana Hub бағдарламалау дағдыларынсыз IT-өнімдерді жасауға үйретеді
Бағдарламалау дағдыларынсыз дайын өнімді құру, бизнес-модельді көп шығынсыз сынау, стартапты бірнеше есе жылдам іске қосу және әзірлеушілердің көмегінсіз жасау - әбден мүмкін. 1000-нан астам адам мұны Astana Hub-тың бағдарламалаусыз IT өнімдерін жасау курсының арқасында үйренді. Жақында елордалық технопарк No Code бағдарламасының төртінші легіне өтінімдер қабылдауды жариялады.
No Code - бұл визуалды модельдеу әдісін қолдана отырып, арнайы платформалармен код жазбай, IT-өнімдерді: сайттар, веб- және мобильді қосымшалар жасау тәсілі. Бұл әдістің танымалдылығы барлық процестерді, соның ішінде әзірлемелерді жеңілдету және автоматтандыру үрдісімен түсіндіріледі.
- Қазіргі таңда әзірлеуге бірнеше күн қажет ететін, IT өнімдерін жасау No Code дағдыларына ие болу ақша табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірнеше ай бойы бағдарламалау тілдерін үйренудің қажеті жоқ. Astana Hub-тан No Code мектебінде алған білім жалдамалы жұмыста немесе фриланс сайттарында, сондай-ақ жеке IT бизнесте пайдалы болады, - деп Astana Hub басқарушы директоры Абай Абсамет атап өтті.
No Code көмегімен компанияны құрудың сәтті жағдайларының бірі - Bubble платформасында толығымен іске асырылған Comet стартапы. Comet - бұл IT-фрилансерлер мен компаниялар үшін бірыңғай биржа. Жоба орташа айлық табысты $800,000 дейін арттыра алды. Тағы бір стартап - Qoinc қаржы платформасы, ол сәтті масштабталғанына қарамастан, әлі күнге дейін Bubble негізінде толықтай жұмыс істейді.
Әрине, No Code құралдары бағдарламашылардың кәсіби тәсілін алмастыра алмайды. Алайда, бастапқы кезеңдерде - мысалы, MVP (минималды өміршең өнім) әзірлеу кезінде, белгілі бір гипотезаларды тексеру қажет болған кезде, no code құралдары кейбір мәселелерді шешуді едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді. Сонымен қатар, стартаптар көбінесе инвестициялық бағдарламалар мен венчурлық қорлар конкурстары тез прототипті қажет ететін жағдайларға тап болады. Мұндай жағдайларда болашақ өнімді өз бетіңізше және қысқа мерзімде тегін сынау тәсілі ретінде No Code көмекке келеді.
Болашақ студенттерді No Code экспресс-курсының төртінші ағымында сегіз білікті сарапшы оқытады: IT-кәсіпкерлер, ірі компаниялардың қызметкерлері, оқытушылар, cертификатталған трекерлер, олар: Тимур Мұхамедзянов - "Газпром нефть" трекері, Сергей Малинин - ФРИИ трекері, Алина Макаренко - сертификатталған Scrum Master (PSM I), SAFe Agilist, SAFe RTE, Дмитрий Воротников - X5 Retail Group, Протек, Билайн корпоративтік акселераторларының жетекші трекері, және т.б.. Сарапшылар бастаушы стартаптарға дұрыс мақсаттар қоюға және жобаларды нәтижеге жеткізуге көмектеседі.
Курс ағымдағы жылдың 21 ақпанында басталады. Бағдарламаның ұзақтығы - екі ай. Осы уақыт ішінде болашақ ноу-кодерлер Bubble, Tilda, Webflow, Adalon, Integromat, Glide платформаларында жұмыс істеуді үйренеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең белсенді студенттер жобалармен жұмыс жасауда практик-тренерлерден жеке қолдау көрсетіледі.
No Code курсына тіркелу
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін