Simple IT стартабы Astana Hubтың мыңыншы қатысушысы атанды

2022 жылдың соңына қарай Astana Hub қатысушыларының саны мыңға жетті. Технопарктің бас директоры Мағжан Мәдиев simple it стартабының негізін қалаушыларды құттықтап, одан әрі дамыту бойынша кеңестер берді. 


Екі ағайынды Әли мен Абай Ахметбек көз торының суреттерін оқуға және түрлі аурулардың ықтималдығын болжауға қабілетті бағдарламалық жасақтама жасайды. IT жоба жаңа болғанымен, әлеуеті зор екеніне сенімдіміз. Стартапшылар шаблонды түрде жауап беретін жоба жасағысы келмейді. Жобаны түрлі қажеттіліктерге бейімделіп, өзін-өзі оқыта алатын модель құруға тырысады.

"Бүгін біз мақсатымызға алғашқы қадам жасадық. Біздің жоба медицинаның дамуындағы жаңа кезең болуы мүмкін. Бұл тек мемлекеттік емес, сонымен қатар Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі жеке мекемелер туралы. Біздің бағдарламалық жасақтаманы әртүрлі ақпараттық жүйелерге, әсіресе КТ, МРТ, маммология және т.б. аппараттарын өндірушілердің жүйелеріне біріктіру жоспарда бар", – деп бөлісті Simple it негізін қалаушы Абай Ахметбек.

Жаңа қатысушылар Astana Hub басшылығына назар аударғаны үшін алғыс білдірді, сондай-ақ технопарктің басқа резиденттерімен олардың IT-өнімін ілгерілету бойынша бірқатар кездесулер жоспарлады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін