Astana Hub-та денсаулық сақтау саласын жетілдіретін 11 IT-стартап таныстырылды

Денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub бірлесіп ұйымдастырған Pitch Day төртінші легінде стартаптар денсаулық сақтау саласына арналған жобаларын ұсынды.


«Мен денсаулық сақтау саласына бағытталған стартаптардың көбейіп келе жатқанына қуаныштымын. Бұл IT-нарықтың біздің салаға деген қызығушылығын білдіреді. Алдағы уақытта ынтмақтастықты нығайтып, көмек көрсетуге дайынмын», - деді шараны ашқан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.

Іс-шара гибридті форматта – офлайн және онлайн тәртіпте өтті. Жобалар арасында Альцгеймер ауруын диагностикалау бойынша стартаптар, жүкті әйелдерді сүйемелдеуге арналған қолданба, зағиптарға арналған биолокациялық көру технологиялары, онлайн медициналық кеңес беру қызметі және т.б.

«Біздің жоба мақсаттарының бірі – ана мен бала сараптамасын басқаруға қабілетті ету, сондай-ақ әйелдердің салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қалыптастыру және репродуктивті жастағы әйелдердің сауаттылық деңгейін арттыру», - деп түсіндірді Нонна Борцвадзе, Supermom Academy жүкті әйелдерді және бір жасқа дейінгі балалардың аналарын сүйемелдеу жөніндегі жоба жетекшісі.

Тағы мынадай жобалардың өкілдері денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосу ниеттерін білдірді:

«Астананың иммунитеті.KZ» - адамның иммундық статусын жаппай анықтау технологиясы;

1C және Damumed интеграциясы – дәрілік заттар мен медициналық құралдар жүйесі;

MIS Avicenna - кез келген түрдегі, масштабтағы және меншік нысанындағы ұйымдар үшін медициналық қызметті автоматтандыруға арналған шешім;

Sapa Telemed – онлайн-ажырату және Damumed-пен интеграциясы бар телеметриялық 12 арналы электрокардиографтар;

SMART-RIS – радиологиялық ақпараттық жүйе, медициналық диагностиканың бизнес-процестерін цифрландыру құралы;

MyMind – деменцияның (Альцгеймер ауруы) белгілері мен ерте кезеңдерін анықтауға арналған тест;

Sezual – зағиптарға арналған көру технологиясы;

Aqyl – интерактивті панельдерді әзірлеу;

Dariger online - онлайн медициналық кеңес беру қызметі;

MedData.ai – емхананы және пациенттерді емдеуді толыққанды және онлайн басқару жүйесі.

Стартаптардың әлеуетіне баға берген қазылар алқасының құрамы: Бейбіт Есенбаев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі; Берік Ахметов, Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының орынбасары; Ерсұлтан Ерманов, ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры; Медет Құлымғариев, ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті директорының орынбасары; Нұрсұлтан Қалдыбаев, «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы.

Pitch Day төртінші легі аяқталғаннан кейін стартаптар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен жұмыс істеуді және ынтымақтастықты жалғастырады.

Еске салсақ, бұған дейін Астана әкімдігі мен Astana Hub елорданың дамуына өз үлесін қосқысы келетін стартаптардың ІТ-шешімдерін  іздейтінін хабарлаған болатын. Осылайша, стартаптар әкімдік алдында өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ қатысушылар нетворкинг, өзара фидбэк және басқа стартапшылармен ынтымақтастық орнату мүмкіндігіне ие болды. Pitch Day-ге қатысқан әрбір жобаның авторы одан әрі жұмыс істеу үшін Цифрландыру басқармасының өкілдерімен кездесуге шақырылады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін