Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Іс-шараны ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Al Farabi Innovation Hub өкілдері және бағдарламаның бас демеушісі Plug and Play ашады. Сонымен қатар акселерацияның алғашқы легіне іріктелген жобалар таныстырылады. Технологиялар мен стартаптардың дамуына қызығушылық танытатын барлық қатысушыларды қосылуға шақырамыз.
Күні: 8 қараша
Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы С4.6, Astana Hub, Event Hall
Уақыты: 16:00-18:00
Кіру: тегін, сілтеме бойынша міндетті түрде тіркелу қажет.
Al Farabi Scale UP — қазақстандық стартаптар үшін жаңа нарықтарға шығудың және халықаралық инвесторлармен, сарапшылармен танысудың мүмкіндігі. Бағдарлама аясында білім беру сессиялары, тәлімгерлік, барлық кезеңдердегі қолдау және Эр-Риядта өтетін екінші кезеңде бірегей серіктестік мүмкіндіктері қолжетімді. Біз қазақстандық стартаптардың өсуі мен әлемдік деңгейге шығуы үшін барлық жағдай жасаймыз.
Іс-шара барысында қонақтар кофе-брейк пен нетворкинг сессиясына қатысып, бағдарламаның барлық маңызды тұстарымен танысу мүмкіндігіне ие болады: өтінім беру реті, қатысу кезеңдері және іріктеуден өткен жобаларға қандай қолдау көрсетілетіні жайлы ақпарат алады. Жетекші инвесторлар мен сарапшылар, сондай-ақ стартаптар қазақстандық IT-өнімдерді экспорттау бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі. 8 қараша күні Astana Hub-та бізге қосылыңыз — онда сұрақтар қойып, шабыт алуға және үлкен жетістіктерге жол табуға тамаша мүмкіндік аласыз.