Өтінімдер 2026 жылғы 22 ақпанға дейін сілтеме бойынша қабылданады.
Digital Qazaqstan Battle – нарықта сұранысқа ие, нақты технологиялық шешімдер ұсынатын кәсіпкерлерге арналған алаң. Әр өңір мен республикалық маңызы бар қала финалға бір стартаптан ұсынады. Қатысуға MVP кезеңінен өткен, алғашқы сатылымдарын жасаған және заңды тұлға ретінде тіркелген жобалар шақырылады.
«Биыл біз алғаш рет ұлттық стартаптар сайысын өңіраралық жарыс форматында іске қосып отырмыз. Әр өңірде жартылай финал өтіп, ең мықты жоба анықталады. Ал Шымкент қаласында еліміздің үздік стартаптары финалда бас қосады. Бұл жай ғана байқау емес. Бұл өңірлік экожүйенің әлеуетін көрсетуге, елдің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлерге тең мүмкіндік беруге және жергілікті жобаларды ұлттық деңгейге шығаруға арналған алаң», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Өтінімдерді қабылдау аяқталған соң, жобалар байқау шарттарына сәйкес тексеріліп іріктеледі. Наурыз айында барлық өңір мен республикалық маңызы бар қалаларда аймақтық батлдар ұйымдастырылып, әр өңірден бір финалист анықталады. Ұлттық финал 2026 жылғы 27 наурызда Шымкент қаласында Digital Qazaqstan форумы аясында өтеді.
Жүлде қоры мынадай тәртіппен бөлінеді: бірінші орынға – 10 000 000 теңге, екінші орынға – 5 000 000 теңге, үшінші орынға – 3 000 000 теңге, ал көрермен көзайымы жүлдесіне – 1 000 000 теңге беріледі.
Қазылар алқасы жобаларды нарықтағы өсім қарқыны, команда сапасы, ауқымдау мүмкіндігі және инвестициялық тартымдылығы бойынша бағалайды. Байқауға қатысу тегін. Финалистер қаржылай қолдаумен қатар, форум аудиториясына танылу, инвесторлар мен технологиялық қауымдастық өкілдерінің назарына ілігу мүмкіндігіне ие болады.