Astana Hub-та ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған бірінші онлайн ақпараттық платформасы «Ozim Platform» жарияланды

Жаһандық Covid-19 пандемиясы жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары мен балаларға білім беру және оңалту мамандары ем алу рәсімдерін ұйымдастыруда қиындықтарға тап болды. Оңтайлы шешім ретінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған ақпараттық платформа түріндегі мобильді қосымшаны құру керек болды, оған теориялық материалдар ғана емес, сонымен қатар баламен үйде қазақ және орыс тілдеріндегі практикалық сабақтар да кіреді.


Қосымшаны әзірлеушілер - Назарбаев Университетінің Жоғарғы Білім Мектебінің түлектері Асем Тажиева, Дана Мамбеталина, Мария Ипполитованы қосымшаның мүмкіндіктерін көрсетіп, идеяның негізін не қалағаны жайлы айтып тұсаукесерін өткізді. Ozim Platform мобильді қосымшасының ресми тусаукесері 8 қараша күні Astana Hub аумағында өтті.

«Ерте араласуды қажет ететін баланың анасы ретінде мен де пандемия кезінде оңалтудың мүмкін еместігін бастан кешірдім. Бұл тәжірибе ата-аналарды онлайн оқыту және ақпараттандыру үшін мотивация болды», - дейді жобаның негізін қалаушы Тажиева Асем. Жоба идея сатысында Назарбаев Университеті Әлеуметтік даму қорының сайысына қатысып, 9 грант иегерінің бірі болды. «Ozim Platform» жобасының тобы ата-аналардың ақпараттық қажеттіліктерін білу мақсатында зерттеу жүргізді, оның нәтижесінде ата-аналарға диагноздар туралы маңызды ақпараты бар арнайы мамандардың мақалалардан үйде баламен практикалық жұмыс жүргізуге арналған бейнематериалдардан, түрлі оңалту ұйымдар тізімі бар, психологтар мен заңгерлердің ұсыныстары мен кеңестерінен тұратын бірыңғай деректер базасында болу керек екендігі анықталды. Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының қолдауымен Ozim Platform мобильді қосымшасы Android және IOS телефондары үшін қолжетімді.

Жобаның тұсаукесерінде ерте араласу мамандары 2021 жылы Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы байқауының жеңімпазы реабилитолог Латиф Парпиев және дефектолог Виктория Юстина сөз сөйледі. Мамандардың үлесімен түсірілген бейнероликтер Ozim Platfrom қосымшасында қазірдің өзінде қолжетімді. Медицина қызметкерлері мұндай жобаларға мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтті: «Біріншіден, платформа балалардың игілігі үшін тәжірибе алмасып, қашықтықтан көмек көрсету үшін құрылған. Өкінішке орай, біз барлық балаларды тікелей қамти алмаймыз, бірақ жаңа технологиялардың көмегімен біз білім алуға және қолдау көрсетуге мүмкіндік бере аламыз. Бүгінде Қазақстанның алшақ аймақтарында мамандар  жеткіліксіз. Платформа ата-аналарға мүгедектік туралы білуге ​​және кәсіби кеңес алғанға дейін балалардың белгілі бір дағдыларымен өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі».

Ozim Platform командасы Astana Hub-тың «Techpreneurs» акселерация бағдарламасынан өтіп, IT-стартаптар саласындағы үздік мамандардан қажетті қолдауды алады. Командалық трекер, Forbes for Business жобасының ресейлік сарапшысы, стратегиялық маркетолог Алексей Добрусин: «Жобаның болашағы зор екенін көріп отырмын. Ұжымның және жобаның болашағы зор, ең бастысы, бұл жоба Қазақстандағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың барлығына дерлік үлкен болашақты қамтамасыз етеді ».

Цифрлық инклюзия бойынша сарапшы Зият Әбдіқайымов көрмейтін және нашар көретін адамдар үшін қосымшаның қолжетімділігін тексерді. Әзірлеу кезеңінде топ технологияның қолжетімділігін қамтамасыз ету және осы топтағы адамдар үшін қолжетімділікті шектейтін техникалық кемшіліктерді түзету үшін Зиятпен кеңесті. «Менің ойымша, қолжетімділік ақша мен ресурстарға қатысты емес, ұйым мен компанияның құндылықтары мен жетілуіне қатысты. Менің хабарым, бізге тек архитектурада ғана емес, цифрлық әлемде де қолжетімділікті талқылайтын, жасайтын және ескеретін уақыт жетті», - деді Зият.

Тұсаукесерге ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысты. «Сіздер барлығына қолжетімді өте маңызды және қажетті көмек құралын жасадыңыздар. Өзімді есіме түсірсем, мен диагнозды білгенде керекті және тексерілген маңызды ақпаратты аңсадым. Ақпаратты іздестіруден бөлек баланың келешегі үшін қорқынышы бар, ол психологиялық тұрғыда  сізді қатты адастыруға әкеледі. Ozim Platform сияқты қосымшалар жолбасшыға, көмекшіге айналады, мұнда сіз өзіңізге қажетті ақпаратты тауып қана қоймай, пікірлес адамдарды тауып, кері байланыс ала аласыз. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар басқа адамдардың қамқорлығын қаншалықты көп көрсе, соғұрлым қабылдайтын, түсіністік пен толерантты қоғам құруға мүмкіндік береді », - деді олар.

«Ozim Platform командасы ата-аналарға арналған қосымшаны ата-аналардың қатысуымен және  ата-аналардың кері байланысы негізде істеген. Яғни, ол бірінші кезекте керекті аудиторияның қажеттіліктеріне бағытталған», - деді ЮНИСЕФ (Қазақстан) инновациялық программалардың үйлестірушісі Раушан Ибрашева.

Тұсаукесер рәсіміне Аружан Саинның  «Мейірім» ерікті қоғамының өкілі Руслан Сармұрзақов қатысты. Ол «Балалардың жақсы өмір сүруіне көмектесу, ата-анасының әрекетіне көмектесу, барлық сабақтарды тиімді пайдалану, көмектесе алатын мамандарды табу - өте маңызды және асыл миссия» деп атап өтті.

“Ozim platform” жобасына инклюзия саласындағы сарапшы, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры Рита Каша да қатысты. «Қосымшадағы блоктардың бірі ғылыми зерттеулерге арналған, онда мақалалар орыс және қазақ тілдерінде жинақталған. Зерттеуге негізделген қосымшаны жүзеге асырғаныңызға қуаныштымын. Пайдаланушы балалардың оңалту тұрғысынан ерекше қажеттіліктері туралы тұжырымдар, ойлар, қорытындыларды, талқылауларды оқи алады, сондай-ақ инклюзивті білім беру тәжірибесі туралы көбірек біле алады», - деді профессор.

Ozim Platform әлеуметтік жобасы ерте араласу туралы білімге қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ Қазақстандық қоғамда инклюзивтілікті дамыту үшін ерекше маңызға ие. Негізін қалаушылар қосымша материалдармен толықтырылатынын, ерте араласу бойынша мамандар мен ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу қорларының өкілдері жұмысқа тартылғанын атап өтті. Жоба сонымен қатар барлық мүдделі тараптарды ынтымақтастыққа шақырады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін