Петропавлда 20-дан астам технологиялық кәсіпкерлерді стартапты дамыту дағдыларына оқытты
Солтүстік Қазақстан облысының орталығында Astana Hub технопаркінен өңірлік инкубация бағдарламасы аяқталды. Demo Day - әлеуетті инвесторлар алдында жобаның қысқаша қорытынды таныстырылымы болды.
3 ай көлемінде шақырылған сарапшылар қатысушылар үшін "стартаптарды мемлекеттік қолдау шаралары", "бизнестің құқықтық аспектілері және салық салу", "зияткерлік меншікті қорғау", "IT-өнімдерді әзірлеу", "Маркетинг" және басқа тақырыптарда шеберлік сабақтарын өткізді. Сондай-ақ, стартап-командалар сертификатталған жаттықтырушылардан тренинг және сарапшылардан 150 сағаттан астам жеке кеңес алды. Барлық іс – шара аралас форматта өткізілді: онлайн және офлайн.
- Біз бастаушы стартаптарға тәжірибелі жолсеріктер - сарапшылар мен тренингтердің көмегімен жиі кездесетін қателіктерге жол бермей, бизнесті құрудың күрделі жолынан тез және ауыртпалықсыз өтуге мүмкіндік береміз. Инкубациядан кейін стартап өзінің болашақ өнімі кімге арналғанын, оны қалай жетілдіру керектігін және әлеуетті қайда бағыттау керектігін неғұрлым нақты түсінеді, - деп атап өтті Astana Hub бизнес-бағдарламалар кеңсесінің аға менеджері Ербол Ахметов.
23 қарашада Петропавлда өткен Demo Day-да жергілікті кәсіпкерлер, компания басшылары, әкімдік және ЖОО қызметкерлері 10 мықты қатысушының сөздерін тыңдап, сұрақтар қойып, кәсіби фидбек берді. Спикерлердің әрқайсысы шектеулі уақыт ішінде өз жобасының мәнін ашуға және оның бірегейлігі мен қалаға қажеттілігін атап көрсетуге тырысты. Мұнда туристердің негізгі келу орындары атап өтілді: толық сипаттамасы бар тарихи нысандар, танымал туристік аймақтар, көрікті жерлер, тамақтану орындары, қонақ үйлер және т.б.
"IT-ферма" жобасының командасы - Санжан Нұрмұханбет және Алдияр Ерсаин EYES жүйесін ұсынды, оның көмегімен балалар тилапияны өсіру бойынша толық циклді ферманы ұйымдастырып, тіпті қашықтықта да өндірістік процестің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізуге болатындығын көрсетті. Бірінші прототип жергілікті Оқушылар сарайының зертханасында сәтті қолданылуда-мұнда Мысырдан арнайы сатып алынған су фаунасының өкілдері өсіп келеді. Жас кәсіпкерлер айтуынша, тилапия - бұл жеуге пайдалы балықтардың бірі, өйткені оның құрамында ақуыздың жоғары концентрациясы бар.
Бағдарламашы Болатхан Жүсіпов пандемия кезінде оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған сапалы қосымшалардың тапшылығына назар аударды. Оның шешімі Қазақстан тарихы бойынша интерактивті ойын болды. Виртуалды көмекші яғни, өзге ғаламшарлық баланы тарих беттеріне апарады, ал викториналар түріндегі тесттер өткен материалды бекітуге ықпал етеді. Сонымен қатар, ойында тарихи тұлғалар да бар - мысалы, Әл-Фараби, ол оқушылармен сөйлесіп, тіпті дәріс оқиды.
Петропавл қ. НЗМ оқушылары Владислав Просеков пен Ерлан Мұхамеджанов жас болғанына қарамастан, әртүрлі IT-жобалар конкурстарының тәжірибелі қатысушылары. Балалар "Менің чегім" қосымшасын бірқатар жағдайлардан кейін тауарды дүкенге қайтару қажет болғанғандықтан, алайда чектердің жоғалуы немесе сапасы нашар болғандықтан, бұл мүмкін болмағандықтан бұл жобаны жасаған. Бүгінгі таңда қосымша Android платформасында жұмыс істейді және чектерді сканерлеуге және сұрыптауға ғана емес, сонымен қатар сатып алу статистикасын бақылауға мүмкіндік береді. Арлан мен Владислав атап өткендей: мұндай электронды чек ұсынылған кезде оның түпнұсқалығында проблемалар болмайды, өйткені қосымша ofd consumer чектерінің бірыңғай базасымен байланысты.
- Astana Hub өңірлік менеджері ретінде маған біздің өңірдегі жаңа үрдіске қарап, шақырылған сарапшы ретінде қатысушылармен жеке жұмыс істеу және оларға консультация беру өте қызықты болды. Барлық жобалар өте керемет. Ұсынылған идеялардың көбі өмірге қабілетті болды деп есептеймін, олардың жұмысын стартап дамуының келесі кезеңдерінде көргім келеді, - деп атап өтті Петропавлдағы Astana Hub өңірлік community менеджері Иван Бухонин.
Петропавлдағы аймақтық инкубация бағдарламасы биыл алғаш рет өткізілді. Іріктеуден 28 стартап өтті, толығымен бағдарламаны 21 жоба аяқтады. Инкубация-бұл идея сатысында тұрған стартап-жобаларды дамыту бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты - жобаға идеяны болашақ өнімнің прототипіне жеткізуге көмектесу және технологиялық кәсіпкерлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық білім беру.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін