«Котлер» тарихында өз атыңды қалдыр: стартаптарға арналған байқау басталды
16 қыркүйекте елімізде Филип Котлердің «Заманауи маркетинг негіздері – Қазақстан нұсқасы» атты жаңа кітабына ену мүмкіндігін ұсынатын стартаптарға арналған байқау басталды. Өтінімдер 25 қыркүйекке дейін қабылданады.
Конкурс еліміздің инновациялық және болашағы зор стартаптарын анықтап, оларға қолдау көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ үздіктер халықаралық деңгейде танылу мүмкіндігіне ие болады.
Конкурсқа Product Market Fit (PMF) кезеңінде тұрған, яғни өз өнімдерінің сұранысын дәлелдеп, нарықта орнын тапқан стартаптар қатыса алады. Сондай-ақ масштабтау кезеңіндегі (Scale) стартаптар мен халықаралық нарыққа шығуға ұмтылатын жобалар да бақ сынай алады.
Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады:
- Өтінім қабылдау: 16-25 қыркүйек аралығында конкурсқа қатысқысы келетін стартаптар сайтта тіркеліп немесе мына сілтеме арқылы өтінім формасын толтыруы тиіс.
- Өтінімдерді бағалау: 26-28 қыркүйек аралығында кәсіби қазылар алқасы барлық өтінімді саралап, келесі кезеңге өтетін үздік жобаларды іріктейді.
- Жобалардың оффлайн-презентациясы: 30 қыркүйекте іріктеуден өткен қатысушылар өз жобаларын таныстырады.
- Финал: конкурстың ақтық мәресі де 30 қыркүйекте өтеді. Салтанатты рәсім барысында Филип Котлердің кітабына енетін жеңімпаздар анықталады.
Айта кетейік, конкурсты EOMM KAZAKHSTAN Astana Hub халықаралық технопаркі және QM Meta медиа агенттігімен әріптестікте өткізіп жатыр. Стартаптарға арналған байқау туралы қосымша ақпарат алу және өтініш беру үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Профессор Филип Котлер туралы
Филип Котлер — халықаралық маркетинг саласындағы әлемге әйгілі профессор, маркетинг саласындағы іргелі 80-нен астам кітаптың авторы. Маркетинг «әкесі» ретінде танылған Котлер қазіргі маркетингтік ойлауды қалыптастырған көптеген концепция мен теория авторы. Ол «маркетинг» терминін академиялық және іскерлік айналымға енгізіп, негізгі қағидаттары мен стратегияларын жасады. Оның кітаптары әлемнің 58 елінде 20 тілде 3 миллионнан астам данамен басылып шыққан.
Пікірлер 22
Кіру пікір қалдыру үшін
Almas Urazbekov · Қаз. 20, 2024 10:37
Видел победителей. Действительно выбрали лучших.
Zhasmina Dybysbay · Қаз. 4, 2024 09:55
Интересно посмотреть на презентации конкурсантов 👀
Alizhan Nurgazy · Қыр. 24, 2024 07:43
🤝⚡️🙏
Ans s · Қыр. 23, 2024 23:57
🔥🔥
Данила Бусыгин · Қыр. 23, 2024 16:48
👍👍
God Stop · Қыр. 22, 2024 17:11
👍🏻👍🏻
Риза Тамабаева · Қыр. 19, 2024 10:13
👍🏻👍🏻
Nurila Aimyrza · Қыр. 19, 2024 00:51
👍🏻👍🏻
Nurila Aimyrza · Қыр. 19, 2024 00:50
👍🏻🔥
Nurila Aimyrza · Қыр. 19, 2024 00:50
👍🏻
Nurila Aimyrza · Қыр. 19, 2024 00:50
🔥🔥
Nurila Aimyrza · Қыр. 19, 2024 00:50
🔥
Nurila Aimyrza · Қыр. 19, 2024 00:49
🔥
Nursultan Kabenov · Қыр. 18, 2024 19:49
👍
Наталья Агишева · Қыр. 18, 2024 16:31
Участвуем 🔥🔥🔥🔥🔥🔥
Alexandr Timofeyev · Қыр. 17, 2024 16:54
🔥🔥🔥
Nursultan Kabenov · Қыр. 17, 2024 15:20
👍
БЕХРУЗ ТОХТАМИШОВ · Қыр. 17, 2024 08:59
👌
Lain Iwakura · Қыр. 17, 2024 07:53
👍🔥
Laura Meir · Қыр. 17, 2024 00:28
Круто
Риза Тамабаева · Қыр. 16, 2024 23:46
📚📚📚😍
Риза Тамабаева · Қыр. 16, 2024 23:45
участвуем