Қазақстандық стартап TechCrunch Top Picks номинациясына ие болды

TechCrunch Disrupt - Нью-Йорк, Сан-Франциско және Еуропаның кейбір ірі қалаларында өткізілетін әлемдегі ең ірі технологиялық конференциялардың бірі.


Жыл сайын TechCrunch командасы бүкіл әлем бойынша мыңдаған үміткерлердің ең перспективалы стартаптарын таңдайды. Осы жылы TC Top Picks Disrupt 2020 26 стартап жоба кірді.

WebTotem Security+Privacy саласындаTechCrunch Top Picks номинациясын алды. Бұл санатқа тағы Allthenticate (АҚШ) және Hummingbirds AI (Австралия) екі стартабы өтті.

«TechCrunch мыңдаған өтінімдерден TC Top Picks ретінде біздің стартапты таңдаған кезде біз үшін тосынсый болды. Біз қазір американдық нарықта өте жақсы PR-қолдауға ие боламыз. Стартап үшін бұл АҚШ-та жаңа байланыстар алуға және жетекші шетелдік қорлармен танысуға жақсы мүмкіндік. Қазір бізде белсенді дайындық жүріп жатыр. Биылғы жылы барлығы онлайн форматта өтетініне қарамастан, көптеген қонақтар күтілуде. Бұл қазақстандық стартап үшін маңызды, өйткені біз DeepTech санатына жатамыз», - дейді стартаптың негізін қалаушы Олжас Сатиев.

WebTotem стартапы – «ЦАРКА» ЗТБ-ның өз өнімі. Жоба ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалана отырып әзірленді. Жоба жетекші еуропалық StartupWiseGuys акселераторында акселерациядан өтті. WebTotem Vestbee нұсқасы бойынша перспективалы Cybersecurity стартаптарының бірі болып таңдалды.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін