Astana Hub өңірлерге жол тартты, өтінім беру уақыты ұзартылды

Өтінішіңізді Community Managers парақшасында толтырыңыз да, Astana Hub-тың аймақтық өкілі болыңыз. 

Astana Hub технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылығы жоғары қауымды құрау барысында. Аймақтық өкілдер IT саласына байланысты іс-шаралар ұйымдастыру мен көп үміт күтерлік стартаптарды Astana Hub-тың білім және бизнес бағдарламаларына жұмылдыруымен айналысатын болады. 

Бұл неге маңызды?

Аstana Hub-тың бас директоры Мағжан Мадиев - “Бүгінгі күні, стартап community-дың басты күші Нұр-Сұлтан және Алматы сияқты мегаполис қалаларда шоғырланған, ал аймақтар елеңсіз қалған. Алайда, біз елімізде қолдау көрсетуге тұрарлық дарындылар көп деп сенеміз.” - деп айтады. 

Біз Astana Hub-тың жаңа өкілдерін Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Өскемен, Павлодар, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Шымкент қалаларынан іздейміз. 

Аймақтық менеджер болуға іріктеу талаптары:

 Стартап және технологиялық кәсіпкерлік саласын дамытуға деген ықылас;

✔ Казақ және орыс тілдерін жетік білу, ағылшын тілін білу қосымша артықшылық;

✔ Іс-шаралар ұйымдастыру тәжірибесі;

✔ IT/ экономика / бизнес / әлеуметтік ғылымдар саласында жоғарғы білім;

✔ Байланысты салалардағы жұмыс өтіліңіз 1 жылдан кем емес

 

Өтініш 13 қыркүйек, 18:00 дейін қабылданады.  

 

Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін