Қазақстандағы цифрлық маркетинг: 2025 жылы не күтеміз?

Қазақстанда цифрлық маркетинг қарқынды дамып келеді. Онлайн-аудиторияның өсуі, digital-арналарға инвестицияның артуы және заманауи технологияларды енгізу нарықтың серпінді өсуіне түрткі болуда.

DataReportal деректері бойынша, 2025 жылдың басында Қазақстанда интернетті 19,2 миллион адам пайдаланған — бұл ел халқының 92,9%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың цифрлық өмірге белсенді араласатынын айқын көрсетеді.

Бұл мақалада Қазақстандағы цифрлық трендтер, programmatic жарнамасының дамуы және BYYD, Vostok Group, DASM Group, MCA CCAR, Okori Kazakhstan, Initiative сарапшыларының пікірлері келтірілген.

2024 жылы Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеу бойынша халықтың 96%-дан астамы интернетке қосылған, ал 92%-ы цифрлық дағдыларға ие.

2024–2025 жылдар аралығында мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 51,3%-ға артқан. Бұл көрсеткіш цифрлық қызметтерді кеңірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Цифрлық инфрақұрылымның кеңеюі жарнама науқандарын тиімді іске асыруға жағдай жасап отыр.

Дилафруз Жийранова, Vostok Group-тың Digital директоры:

«2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның жалпы жарнама нарығы 17%-ға өсіп, 27 млрд теңгеге жетті. Digital тағы да ең жылдам өсіп келе жатқан сегмент екенін дәлелдеді. Интернет-жарнама 14 млрд теңгеге жуық табыс әкелді (+29% 2024 жылмен салыстырғанда). Мұның басты себептері — автоматтандыру, дараландыру және өлшенетін нәтиже. Бұл digital-ды брендтер үшін аса тартымды етеді».

2025 жылдың қаңтар айында әлеуметтік желілерде 15,7 миллион белсенді пайдаланушы тіркелген — бұл ел халқының 75,7%-ы. Соңғы бір жылда бұл көрсеткіш 11,2%-ға артты.

Әлеуметтік желілер бүгінде брендтер мен тұтынушылар арасындағы негізгі байланыс арнасына айналды. Олар жарнама көрсетуден бастап, онлайн-сатып алуға дейін әртүрлі әрекетке ынталандырады.

Нұрмұхамед Ибраев, DASM Group-тың бизнесті дамыту директоры:

«Әлеуметтік желілер туралы бәрін білетін сияқтымыз деп ойлаған едік. Бірақ Threads күтпеген жерден қазақ тілділердің сүйікті платформасына айналды».

Антон Айрих, Initiative-тің Digital директоры:

«Контент — негізгі кіру нүктесіне айналды. Енді баннер немесе видео емес, нақты, қысқа және уақтылы ой маңызды. Осы орайда Threads екінші тынысын ашты. 2023 жылы ол ұмытылғандай болған еді, ал қазір қайтадан танымал. Бір ғана нақты ой бүкіл нарыққа таралуы мүмкін. Бұл платформа кең аудиторияға арналмаса да, нишалық жобалар мен жеке брендтер үшін өте тиімді».

PwC есебіне сәйкес, Қазақстандағы онлайн-ритейл нарығы тұрақты өсім көрсетуде. 2024 жылы электрондық сауда көлемі 3 439 млрд теңгеге жетті (+42%) — бұл 6,5 млрд АҚШ долларына тең.

Онлайн транзакциялар саны 162 миллионға жетті — бұл өткен жылмен салыстырғанда 87%-ға көп. Сонымен қатар, бір тапсырысқа кететін орташа чек азайып, сатып алу жиілігі артты — бұл жетілген нарықтарға тән үрдіс.

Антон Айрих, Initiative-тің Digital директоры:

«E-commerce өсіп жатыр — ірі платформалардан бөлек, нишалық жобалар да нәтижелер көрсете бастады. Өсімнің негізі: аудиторияны жақсы түсіну, тез кері байланыс және нақты экономика. Нарық қатаңдады, бірақ сонымен бірге ашық бола түсті. Сынақ жасап, нәтиже есептейтіндер ғана ұтады».

Маркетплейстер e-commerce сегментінің 91%-ын қамтып отыр. Kaspi.kz — көшбасшы, және ол экожүйе құру бағытында белсенді дамуда.

Дилафруз Жийранова, Vostok Group:

«Маркетплейстер — онлайн-сатылымдардың негізгі арнасына айналды. Барлық сатып алудың 84,9%-ы осы арналар арқылы өтеді. Kaspi.kz Қазақстанда үздік үштікке кіреді және өз экожүйесін дамытып жатыр: логистикаға, онлайн-супермаркеттерге, жеткізу қызметтеріне инвестиция салып отыр. Осы себепті жарнама берушілер аудиториямен жаңа байланыс жолдарын іздеуде. Retail Media — маркетплейс пен e-commerce платформалардағы жарнама — ерекше қарқынмен өсіп келеді. Мұндай жарнама дәл әрі тікелей сатып алуға жетелейді».

Жасанды интеллект ақпарат іздеуді жеңілдетеді, бірақ бұл жарнамаға кликтер санының азаюына әсер етуде.

Андрей Барабанщиков, MCA CCAR Digital директоры:

«Біріншіден, іздеу нәтижелеріндегі CTR төмендеп жатыр. Бірінші позициялар үшін — 34,5%-ға, органикалық нәтижелер үшін — 70%-ға дейін. Себебі Gemini мен Copilot секілді ИИ құралдары қажетті жауапты бірден береді, бұл пайдаланушы үшін жеткілікті. Екіншіден, zero-click нәтижелер көбейді — шамамен 60% сайтқа өтпей-ақ тоқтайды, өйткені AI Overview экраннан жарнаманы ығыстырады. Үшіншіден, Іздеу трафигі төмендеп жатыр, себебі пайдаланушылар ИИ-чаттарға көшу үстінде. Gartner болжамынша, 2026 жылға дейін бұл трафик 25%-ға төмендейді. Сондықтан контексттік жарнамаға көбірек мән беріп, ИИ-мен бәсекеге дайын болу керек».

Қазақстан халқының орта жасы — 29,7 жас. 58,5%-ы қала тұрғындары. Бұл — контент тұтынушысы және digital-құралдарды белсенді қолданатын аудитория.

Жастар арасында қазақ тіліндегі контенттің танымалдығы артып келеді — аудиторияның 60–65%-ы қазақша контентті таңдайды.

Дилафруз Жийранова, Vostok Group:

«Қазақ тіліндегі контентке деген сұраныс — бүгінгі басты трендтердің бірі. Локал тіл бұрын тек қосымша ретінде қарастырылса, енді ол міндетті шартқа айналды. BIRGE TV онлайн-кинотеатры 180 000 сағаттық қазақша контент ұсынды. Alma+ және Qazaqstan секілді видеосервистер танымал фильмдерді қазақ тіліне аударады және түпнұсқа контент жасайды».

Ренат Рахметов, BYYD CA, APAC, Balkans өңірлерінің басқарушы директоры:

«Қазақстанда мобильді белсенділік өте жоғары деңгейде. Әсіресе қаржы, онлайн-сауда және ойын-сауық салаларында мобильді қосымшаларға сұраныс артып келеді. Бұл programmatic жарнамасының дамуына берік негіз қалыптастырады. 2025 жылы интерактивті форматтар танымал бола түсті. Жарнама берушілер интерактивті баннерлердің қолданушыларды көбірек тартып, олардың назарын ұзақ уақыт ұстайтынын байқады. Сегменттің өсуі сондай-ақ аналитиканың жақсаруымен, нейрожелілердің енгізілуімен және пайдаланушылардың мінез-құлқы туралы деректердің көбеюімен байланысты».

Нұрмұхамед Ибраев, DASM Group бизнесті дамыту жөніндегі директоры:

«Біріншіден, e-commerce секторында айқын және қарқынды өсу басталды. Бұл үрдіс жыл сайын үдей түспек. Агенттіктер мен клиенттердің күтетін бастысы — аналитика мен тұтынушылық деректерге терең қолжетімділік. Екіншіден, экожүйелік өнімдер трендке айналды — банкинг, билеттер, тревел, такси, карталар, азық-түлік және тағы басқаларды біріктіретін шешімдер. Мұндай экожүйеге түскен қолданушылар баламалар іздеуге құлықсыз. Осылай жаңа тұтынушылық әдеттер қалыптасады. Үшіншіден, Қазақстан әрқашан «мобильді» ел болған. Қазір бұл бағыт бұрынғыдан да күшейе түсті. Сондықтан брендтер мен digital-маркетологтар in-app коммуникацияларға ерекше назар аударуы керек. Төртіншіден, сыртқы жарнаманың цифрлық трансформациясы да белсенді жүріп жатыр. Жақын арада біз digital мен DOOH-кампанияларды бір платформада жоспарлай аламыз деп ойлаймын».

Дилафруз Жийранова, Vostok Group компаниясының Digital директоры:

«Біріншіден, бұл — AI-креативтер. Брендтер жасанды интеллектті баннер, видео және мәтін жасау үшін кеңінен қолданып жатыр. Екіншіден, автоматтандырылған кампаниялар. Алгоритмдер жарнама арналарын таңдап, таргетингті орнатып, креативтерді жасап, гипотезаларды тексеріп, бюджеттерді қайта бөледі — адамның араласуынсыз. Үшіншіден, AI арқылы қолданушының мінез-құлқын болжау. Бұл конверсияны және адалдық деңгейін арттырады. Осы бағытта біз 2024 жылы Publicis-тің LePont атты өзіміздің DCO-шешімімізді нарыққа шығардық — бұл платформа пайдаланушының онлайн-әрекетіне қарай креативтерді бейімдейді».

Андрей Барабанщиков, MCA CCAR компаниясының Digital директоры:

«Біріншіден, мессенджерлердегі жарнама өсіп келеді. Telegram бүгінде ел халқының 60%-ын қамтиды, ал соңғы бір жылда онда жаңа жарнама форматтары пайда болды — іздеудегі жарнамадан бастап видеоролик ішіндегі жарнамаға дейін. Көптеген жарнама берушілер бұл құралды міндетті түрде сынап көреді деп ойлаймын. Екіншіден, in-app жарнама көлемі артып келеді. Mobile-first — табысты стратегиялардың негізгі шарты. Біздің есептеуімізше, жарнама трафигінің 86%-дан астамы мобильді құрылғылардан келеді. Үшіншіден, brand пен performance арасында емес, brandformance-қа көбірек назар аударылуда. Шағын және орта бизнес енді бренд қалыптастыруға көбірек мән берсе, ірі компаниялар керісінше, performance шекарасын кеңейтуде. Сондықтан стратегиялар жан-жақты әрі сквозной аналитиканы талап етеді».

Денис Молостов, Okori Kazakhstan (Dentsu серіктесі) Digital buying директоры:

«Негізгі тренд — OptiChannel тәсілі. Бұл аудиториямен көпарналы өзара әрекеттесу стратегиясында дәстүрлі медиа (ТД, радио, OOH) мен digital құралдарын бірыңғай байланыс жүйесіне біріктіруді білдіреді — Omnichannel секілді. Мұндай тәсіл мақсатты аудитория сегменттерімен нақты жұмыс істеу арқылы қамту аймағын кеңейтеді және тиімділікті арттырады. Сондай-ақ, іздеу жүйелерінің баламасы ретінде AI-платформалар қарқынды дамып жатыр. АҚШ-та пайдаланушылардың 40%-дан астамы жауапты тікелей ИИ-платформалардан алады. Қазақстан бұл трендті тез қабылдап жатыр. Сонымен қатар, junior-маманға деген сұраныс азаюда. Негізгі тапсырмалар (copywriting, аналитика, A/B тестілеу) ИИ-ға жүктелуде. Мысалы, Okori AI Augmentation-ға назар аударып отыр: бұл рутинаны азайтып, senior-деңгейдің стратегиялық рөлін күшейтеді».

Антон Айрих, Initiative компаниясының Digital директоры:

«2025 жылы digital ересектеу әрі күрделірек бола түсті. Енді жай ғана қамту жеткіліксіз — брендтер воронкалар құрып, юнит-экономика есептеп, нақты нәтиже талап етеді. Сондықтан тек таргет емес, одан да артық нәрсе ұсыну керек. Telegram — толыққанды экожүйеге айналды: каналдар, боттар, мини-қосымшалар — бұлар енді тек қосымша емес, digital-механика негізі. Google перформанс-миксте бұрынғыдай басты рөлде емес. Классикалық трафиктің орнына сценарийлер, ретеншн және өз арналары арқылы жұмыс жасауға сұраныс өсіп келеді».

DataReportal деректеріне сүйенсек, интернет-трафиктің 56%-ы мобильді құрылғыларға тиесілі.

In-app жарнама — пайдаланушыларды өздері жиі болатын ортада: қосымшаларда, әлеуметтік желілерде, смартфондарға бейімделген сайттарда қамтуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл жарнаманың көрінуін, даралануын және қолданушының қызығушылығын арттырады.

In-app және programmatic жарнаманың артықшылықтары:

  • Дәл таргетинг және жекелендірілген ұсыныстар
  • Интерактивті форматтар (мысалы, Rich Media)
  • Нақты уақыттағы оңтайландыру
  • Артық шығынды болдырмау
  • Кең ауқымды қамту
  • Толық аналитика және әртүрлі метрикалар

Programmatic — Қазақстандағы digital жарнама нарығының маңызды әрі тез өсіп келе жатқан сегментіне айналды. Оның үлесі алдағы жылдары одан әрі артады деп күтілуде.

  In-app жарнаманы бастау немесе қосымша ақпарат алу үшін:

📧 hello@byyd.me поштасына жазыңыз

🌐 немесе сайтта өтінім қалдырыңыз  

Пікірлер 9

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍

Жауап беру

Интересно

Жауап беру

Интересно

Жауап беру

а что же ждёт в ближайшее 10-тилетие?

Жауап беру